10:43, 08 Сәуір 2024
Сот Бишімбаевтың қорғаушысының өтінішін қанағаттандырмады
Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасуда.
Бүгінгі сотта Бишімбаевтың қорғаушысы Нүкенованың қойын дәптерін іс материалдарына қосуды ұсынды. Онда ол экс-министрдің алдында бірқатар міндеттемелерді мойнына алатынын айтқан.
Жәбірленуші тарап жазбаның алғаш рет «пайда болғанын» айтады. Алайда, бұл жазба Бишімбаевтың Нүкеноваға психологиялық қысым көрсету фактісін дәлелдейтінін айтып, ұсынысты қолдады.
Прокурорлар дәптер бұрын істе болмағандықтан, іс материалдарына қазір қосуға қарсы болды. Ақырында сот қорғаушының өтінішін қанағаттандырмады.