Сот «Дикий Арман» ісі бойынша үкімді күшінде қалдырды: апелляция қабылданбады
Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) қатысты үкімге шағымдарды қарады.
Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 26 қарашада бірінші инстанция шығарған үкім толық көлемде күшінде қалдырылды. Апелляциялық шағымдар қанағаттандырылған жоқ.
Үкім өзгеріссіз қалды
Сот алқасының шешімі бойынша айыпталушыларға тағайындалған жазалар төмендегідей сақталды:
-
Арман Жұмагелдиев – 20 жыл бас бостандығынан айыру;
-
Руслан Искаков – 15 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру;
-
Қайрат Құдайберген – 8 жыл бас бостандығынан айыру.
Апелляциялық алқа үкімнің негізді екенін және өзгертуге немесе жеңілдетуге себеп жоқ екенін атап өтті.
Айта кетейік, 20 қарашада Қаңтар оқиғасына қатысы бар деп айыпталған 29 адамға сот үкімі шығарылды.
Бұл процесс бұған дейін сол жерде өткен «Жұмагелдиев-Ысқақов» ісінің жалғасы іспетті. Аталған істе – ҰҚК-ның 5-департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов, "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев, Талғат Махатов, мандатынан айырылған мәслихат депутаты Қайрат Құдабергенов және басқа да тұлғалар негізгі айыпталушылар болған еді.
Бұл процесс алдын ала тыңдаулардан кейін-ақ жабық түрде өткен болатын. Ал жаңа іс бастапқыдан-ақ толықтай жабық жүргізілген.
Айыптар: "ОПГ", бандитизм, адам ұрлау, жаппай тәртіпсіздік бойынша тағылған.