Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:17

Сот Маңғыстау облысы әкімі Қилыбайды алимент төлеуге міндеттеді

қилыбай
Фото: Жас Алаш коллаж

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай сот шешімімен бұрынғы мәслихат депутаты Ынташ Наурызованың некесіз туған ұлының әкесі деп ресми танылды.

Бұл резонансты оқиға 2025 жылдың маусымында қоғам назарын аударды. Сол кезде Ынташ Наурызова президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық үндеу жасады. Ол 2022 жылы әкімнен ұл туғанын, бірақ шенеуніктің баланы мойындамай, өзіне қысым көрсеткенін мәлімдеді.

Нұрдәулет Қилыбай бұл айыптауларды жоққа шығарып, қысқа ғана пікір білдірген еді:

«Жылтырағанның бәрі алтын емес, әлеуметтік желіде жазылғанның бәрі шындық емес», – деген болатын әкім.

 Осы уақыт аралығында бірнеше сот отырысы өтіп, туысқандылықты анықтау үшін генетикалық сараптамалар жүргізілді.

Соттың соңғы шешімі бойынша, үш жасар Әміре Наурыз Нұрдәулет Қилыбайдың ұлы деп ресми түрде тіркеледі. Баланың туу туралы куәлігінде әкесінің аты-жөні мен тегі өзгертіледі.

Шешімге сәйкес, әкім баласы кәмелетке толғанға дейін ресми жалақысының төрттен бір бөлігін ай сайын алимент ретінде төлеуі тиіс. Бұл төлемдер баланың күнкөрісіне, тәрбиесіне және біліміне жұмсалады.