Сот Мұхтар Жәкішевтің апелляциялық шағымын қарауды қыркүйекке сырғытты

23.08.2019, 16:00

170

Шығыс Қазақстан облыстық соты "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруды сұраған өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан Семей қалалық сот шешіміне берген апелляциялық шағымын қарауды тағы да кейінге қалдырды. Бұл туралы оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев хабарлады.

Адвокат 22 тамызда Facebook-тегі парақшасына апелляциялық шағымды қарайтын сот отырысы 10 қыркүйек сағат 16:00-ге ауыстырылғаны туралы хабарлама алғанын жазды. «Коллегия хатшысы судьялар осындай нұсқау берді деп түсіндірді, қай судья екенін ашып айтқан жоқ» дейді Бейсекеев.

Жәкішевтің ісі бойынша апелляциялық сот тыңдауы 10 қыркүйекте сағат 16:00-ге қойылғаны туралы ақпарат сот сайтында жарияланды.

Облыстық сот Жәкішевтің мерзімінен бұрын қамаудан босату туралы өтінішіне байланысты берген апелляциялық шағымын қарауды осымен екінші рет басқа күнге ауыстырып отыр. Бұған дейін апелляциялық сот тыңдауы 22 тамызда өтеді деп хабарланған, бірақ кейін оны 27 тамызға қалдырған.

Өткен айдың соңынан бері Қазақстанның бірнеше қаласында өздері саяси тұтқын деп санайтын Мұхтар Жәкішев пен өзге де азаматтарды түрмеден босатуды биліктен талап еткен белсенділер акциялары жалғасып келеді. 24 шілдеде Жәкішевтің мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шығару туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан Семей қаласының №2 соты алдында да жалғыз адамдық пикеттер өткен.

Оқи отырыңыз: «Жылымық орнағаны жайлы мифтерге нүкте қойылды». Жәкішев сотына реакция

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы президенті 56 жастағы Мұхтар Жәкішевтің жемқорлық айыбы бойынша ұзақ мерзімге сотталып, түрмеде отырғанына 10 жылдан асты. Қазір Семейдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан Жәкішев пен оның жақтастары биліктің бұрынғы топ-менеджерге таққан айыптарын негізсіз деп санайды.

Мұхтар Жәкішев саяси қызметпен айналыспаса да, 2013 жылы бірқатар қазақстандық құқық қорғаушы ұйымдар оны саяси тұтқын деп таныған. Құқық қорғаушылардың пікірінше, Жәкішев Қазақстан билігін сынаушы бұрынғы банкир, 2009 жылдан бері шетелде тұратын Мұхтар Әблязовтың досы болғаны үшін қудалауға түскен. Қазақстан билігі елде саяси тұтқындар барын жоққа шығарады.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Даниалдар «дань» төлемейді!
    30.09.2022, 08:34
  • Билік халыққа жау ма?!
    30.09.2022, 08:50
  • «Қуантыров қуантпайды, Пірматовтан пайда жоқ...»
    30.09.2022, 08:49
  • Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
    30.09.2022, 08:48
  • Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
    29.09.2022, 08:37