Сот саласындағы маңызды жүйе
Қазақ сотының негізі билершешімі десек, билер билігінің түпкімақсаты– дауласушыжақтардыбітістіру, татуластыру, табыстыру болғаны белгілі.
Ендеше, бүгінгі күні кеңінен қолданысқа енгізіліп жатқан медиация жүйесі халқымыздың қанында бар, түпкі негізі өзімізден шыққан институт деп айта аламыз. Сотсыз-ақ тентегін тезге салып, қазақ даласын түрмесіз басқарған қазақ билерінің кез келген дауды келісіммен бітіргенін ескерсек, халқымыз үшін бітімгершілік билік айтудың ең озық үлгісі болғанын айғақтайды.
Әлі де болса халқымыздың бойындағы кішіпейілділік, кешірімділік, кеңдік секілді ізгі қасиеттер әлі де жойыла қойған жоқ. Тек соған қозғау
салар заңды тетіктерді қалыпқа келтірсек, медиация жүйесінің тынысы кеңейе берері анық. Осы орайда «Медиация туралы» заңның қабылданып, Азаматтық процестік кодекске татуластыру тәртібін реттейтін арнайы тараудың енгізілуі мен көптеген пилоттық жобалардың қолға алынуының астарында осы қазақы құқықтың жылдар бойы дәлелденген, өзін әлдеқашан ақтаған дәстүрін жаңғыртсақ деген ізгі ниет жатса керек. Өйткені қазақы төреліктің жалғасы «Медиация туралы» заңнан тамаша көрініс тауып, бүгінгі күні қоғамның басқа салаларында да енгізілуде.
Қазіргі таңда медиация рәсімі жеке және заңды тұлғалар қатысатын – азаматтық, еңбек, отбасылық даулардың түйінін тарқатуда кеңінен қолданылып жүр. Атап өтер жайт, осыған дейін соттардың жүктемесінің ауырлығы талай рет сөз болған еді. Өйткені шекісіп қалған көршінің де, сөзге келген туыстың да, ажырасуға асыққан жас жұбайлардың да ісі насырға шапса, сот алдында жататын. Кейде болмашы келіспеушіліктердің нәтижесінде адамдар бірін-бірі сотқа сүйреп, әуре-сарсаңға түсіп жатады. Тіпті кейде білместікпен біреулердің от басуы да құқық бұзушылыққа жатып, сотқа жететін. Егер осының бәрін заңға салып қарайтын болсақ, қылмыс болып шығады. Бірақ сот барысында заң аясында адамды жазалаудан гөрі, істі адами тұрғыдан бағалап, тараптарды татуластыру, заңды білмегеннің құқықтық сауатын арттырып, әрекетін заңдық дәрежеде бағалап түсіндірудің де маңызы зор. Әйтпесе олардың әрқайсысы сот жүктемесінің артуына ықпал етеді. Ал медиация жүйесі іске қосылғалы бері сотқа жетпей біттіммен аяқталатын істердің қатары айтарлықтай артқан. Демек медиация сот жүйесі жұмысының оңтайлануына өзінің оң әсерін тигізуде.
Медиация екі жақтың дау-жанжалына байланысты барлық аспектісін
зерделеуге, оны егжей-тегжейлі анықтауға және дауласушылар үшін маңызды мән-жайларды зерттеуге мүмкіндік алып, дау деңгейін бәсеңдетіп, оны шешудің екі жаққа тиімді жолын таңдайды. Осының арқасында тараптар
бірін-бірі түсініп қана қоймай, бір-біріне деген ашу-ызадан арылып, ақылға келеді. Атап өтер жайт, бүгінгі күні медиация жүйесінің қолданыс аясының кеңеюіне орай осыған дейін медиаторлардың ғана жұмысына айналған медиациялық келісім жасау үрдісіне, адвокаттардың да атсалыса алатыны, судья-медиаторлардың да көмектесе алатыны заңдық тұрғыдан бекітілгені оң шешім болып отыр. Азаматтық процестік кодекске де медиацияның қолданысын кеңейтетін тетіктер енгізіліп, бүгінде медиациямен тек медиаторлар айналысу керек деген түсінікті бұзуда. Оның үстіне бұрын татуластыруды жүргізу үшін судьяға заңмен бар болғаны бес күндік мерзім берілетін. Екі тарапты келістіріп, бір мәселеге келтіру үшін бұл уақыт жеткілікті бола бермейтін. Бұл мәселені судьялар да, медиаторлар да жиі айтатын. Бүгінгі күні мамандардың тілегі ескеріліп, татуласу үшін тараптарға он жұмыс күнінің берілуі – медиативтік келісімдердің қатарын көбейтуге оң ықпал етуде.
Сонымен қатар медиация жүйесі іске қосылғалы бері дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеуге қатысушы тұлғалар шеңбері де кеңейе түсті. Осыған дейін партисипативтік рәсім екі тараптың адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен жүзеге асырылса, кейінгі өзгерістерге орай, адвокаттармен қатар заңгерлік палата мүшелері болып табылатын тұлғалардың да тараптардың татуласуына жол көрсетуіне мүмкіндік беріліп отыр. Сондықтан да азаматтар барлық даудың нүктесін тек соттан іздемей, өзара келісім арқылы шешуге толық құқылы екенін, әрі ол үшін заңдық тұрғыда толық жағдай қарастырылғанын білсе болғаны. Жалпы қоғамға пайдасы зор, сот саласына оңтайлы медиацияның маңызы зор.