Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:15, 30 Қыркүйек 2025

Сот Тимур Турловтың мүлкіне қойылған бұғатты алып тастады

Тимур Турлов
Фото: dknews.kz

Ресейдегі банкроттық іс аясында аты аталған Freedom Holding Corp. компаниясының иесі Тимур Турлов сот шешімімен толық ақталды.

 Арбитраждық сот оның «Ассоциация» банкінің қаржылық дауына қатысы жоқ екенін растады.

2019 жылы ресейлік «Ассоциация» банкінің есеп-шоттарынан 3,8 млрд рубль (шамамен 44,1 млн доллар) жетпей қалғаны анықталған еді. Бұл іс бойынша банктың экс-қазынашысы Владимир Макаревич пен «Волга капитал» акционері Станислав Машагин кінәлі деп танылып, келтірілген шығынды өтеуге міндеттелді.

Тергеу барысында Турловтың есімі тек оның бұрын иелік еткен кипрлік компаниясына байланысты аталған. Ол компания кезінде «Ассоциация» банкімен әріптестік орнатқан, бірақ Турлов бұл бизнесті әлдеқашан сатып жібергені белгілі болды. Соған қарамастан, сот тергеу аяқталғанша оның кейбір активтеріне бұғат қойған болатын.

Сот процесінде істің нақты кінәлілері анықталған соң, ресейлік Агентство по страхованию вкладов (АСВ) Турловқа және басқа да қатысы жоқ тұлғаларға тағылған барлық айыптардан бас тартты. Соның нәтижесінде Freedom Holding иесінің барлық активтерінен бұғат алынды.

Тегтер: