Сотта Перизат Қайрат жәбірленушімен сөзге келіп қалды

Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты өтіп жатқан резонансты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысында айыпталушы мен жәбірленуші тарап арасында дау туды.
Бұл жолы куәгер ретінде Нұрсұлтан қаласындағы зияткерлік мектеп (НИШ) мұғалімі жауап берді. Ол паводар кезінде мұғалімдер мен оқушылар ұйымдастырған жәрмеңкеден түскен 2,9 млн теңгені «Biz Birgemiz Kazakhstan 2030» қорына аударғанын растады.
Мұғалімнің сөзінше, көктемде Қаржылық мониторинг агенттігі хабарласып, ақша аударымына қатысты сұрақтар қойғаннан кейін ол арыз жазған. Алайда сотта Перизат Қайрат мұндай әрекеттерге нақты дәлел болу керегін айтып, пікірталас туғызды.
Перизат Қайрат бұл қаражаттың мақсатты түрде жұмсалғанын айтып, өз кінәсіздігін қорғап бақты. Ал жәбірленуші тарап соттың әділ шешім шығаратынына сенетінін мәлімдеді.
Еске салайық, Перизат Қайрат пен оның анасы ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 218-бабы бойынша алаяқтық пен заңсыз табысты заңдастыру айыптарымен жауапқа тартылып отыр. Тергеу материалдарына сәйкес, олар жалпы сомасы 3,5 млрд теңгені иемденген деп күдікке ілінген. Қылмыстық іс бойынша 47 жәбірленуші тіркелген, олардың қатарында ірі банктер мен кәсіпкерлер бар. Сот процесі жалғасып жатыр.