Сотталған азаматтарға көмек көрсету
Сапасы мен сындары қоса жүретін еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің айтар ауызға оңайлығы болғанымен ондағы қиындық пен ауырлықтың талайы толып жатыр.
Кездейсоқтық па, әлде білместіктен бе, әйтеуір жазатайым жазым басып, жазасын арқалаған жандардың жан айқайын түсініп, көпшілдік көмекпен қоғамға қайта қосу адамдық парыз бен қасиет. Осы таңда біздің мекемеміздің де бірқатар атқарған қызметтері жетерлік. Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті «№13 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды бостандыққа моралды-психологиялық дайындау, босатылғаннан соң жұмыспен және тұрғын мекен-жаймен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі.
Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті «№13 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесіндегі сотталғандар 2023 жылдың маусым айының 8-ші жұлдызында сағат 11:00-де, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Шевченко көшесі №28 мекенжайда «Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» өткізген бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты тағайындалған жаза мерзімі аяқталған сотталғандарға мемлекет тарапынан жасалып отырған әлеуметтік көмектер, жұмыспен қамту жолдары түсіндірілді.
Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығының жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы Алтынай Аязбаевна Жүкенова ханым және жұмыспен қамту орталығының директор орынбасары Әділет Дәулетұлы Жанабаев мырза жұмыспен қамту бағдарламаларын түсіндірді.
Қазақстан Республикасы халықты жұмыспен қамту Заңына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар азаматтардың жекелеген санаттарын, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, немесе пробациялық мекемесінде есепте тұратын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленеді. Осындай мемлекет тарапынан жасалып отырған мүмкіндіктерді пайдалана отырып, іс-шараға қатысып отырған сотталған азаматтарға жұмысқа орналасуда көмек болатыны жайлы айтылды.
Кездесу іс-шарасына қатысып отырған азаматтарға жұмыспен қамту орталығының арнайы буклеттері таратылды және олардың тарапынан сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға толығымен жауаптар берілді.
Осы кездесу барысында мекемеміздегі жазасын өтеп жатқан сотталғандардың біршамасының көкейіндегі сұрақтарына шешім табылды деуге әбден мүмкін. Бұл іс қоғаммен адамның түзелуіне бет бұрғызады.
Сотталғандарды еңбекпен және тұрмыстық
орналастыру бойынша аға инспекторы
әділет капитаны Д.А.Апухова