Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:35, 15 Қаңтар 2020

СӨЗ – БӨГДЕ БІРЕУДІҢ ӨЛГЕН ОЙЛАРЫНЫҢ ЖЕМІСІ

Австриялық ПетерХандке Грац университетінің заң факультетін тәмамдағаннан кейін Отанынаналыстап, Батыс Германияға қоныс аударды.

Заманауи неміс өркениетіне белгіліжазушыны бәрі зиялылардың соғыстан соң өзгеріске ұшыраған мақсат-мүдделерінежіті көзбен қарайтын индикаторға балады.

Есімі тұңғышрет 1966 жылы театр репертуарындағы спектакльдерді егжей-тегжейлі талдайтынбұқаралық ақпарат құралдарында аталды. Екі жыл уақыт ішінде пьесалары жалпақжұртқа танылып, жазуды жанына серік еткендердің арасындағы шоқтығы биікдраматургке айналды.

1950-60 жылдарыгерман прозасы Батыста көш бастап тұрды. Үшінші рейхтің тас-талқаны шыққанмәдениетін ұлтшылдық пен нәсілшілдікті, шовинистік пен әскери идеологиянысынап-мінейтін гуманистік әдебиет қарқынды дамытты. Әлемге қасірет сыйлағаннацизмге өкпелегендердің саны сәт сайын артты.

1947 жылыГ.Белль, Г.Грасс, В.Шнурре сынды жазушылар бірігіп, «47» әдеби бірлестігінқұрды. Алайда адамның құндылықтары мен рухани байлығын көкке көтеретіндердіңөзі зұлматтың қайдан басталғанын анықтай алмады. Нәтижесінде Еуропа мен Германиякезекпе-кезек қирады. Бұл хабар философтар арқылы шартарапты шарлады. Франкфуртмектебінің ойшылы Т.Адорно Гитлердің бүкіл Батыс мәдениетінің және екі мыңжылдық тарихы бар еуропалық интеллигенцияның түбіне жетіп, адамзатқа залалынтигізген шешімін өшпейтін, қозғалмайтын нүктеге теңеді һәм апаттың орнын қалпынакелтірудің мағынасыз екенін, зиян әкелетінін айтты. Франкфурт мектебіоқымыстыларының идеяларын саясатқа соңынан қосылғандар рұқсатсыз пайдаланып,ереуіл кезінде Еуропаны дүр сілкіндірді. Осы тұста Хандкенің жеке пікірі қалыптасты.Жастар әлемді ашық айқастан құтқара алмай, қанды қырғынға ерік берген әкелеріне«революция» жариялады. Елде ақты ақ, оңды оң, терісті теріс дейтін авангардтарпайда болды. Хандкенің серіктестері «47» топ жазушыларының келешегіне күмәнменқарап, қаламгердің жасанды әдеби тілмен шындықты жеткізе алмайтынын тілге тиекетті.

Хандкеніңтазалығы, жанкештілігі, қайсарлығы өмірдегі қайғы-мұңмен, тауқыметпен, сынменкүресті. Оның пікірінше, әлемнің шынайы бет-бейнесі жазушылар қағазға түсіргенғаламға, қолдан жасалған тұжырымдамаларға, ескі қағидаларға мүлде ұқсамайды. Қолынақалам ұстаған жан дайын тұрған дүниеге қол созбауы керек. Ең бастысы, оқиғалардыжәне кейіпкерлердің ойы мен іс-әрекетін бір арнаға тоғыстырып, еркін көсілуі шарт.Бұл – батыл қадам, түрлі әдеби эксперименттердің негізі.

… Ол ғұмырдыңдайын түсініктемелерін жоққа шығарды. Тосын сыйы мен қасіреті қатар жүретін беймәлімғаламға енуге құмартты. Сөздерге сенбеді.

Сөйлемдер заттардыңтек сыртқы пішінін ғана өрмекші секілді тоқып шығады. Ал бізді қоршағанортадағы кез келген нәрсенің кеңістіктегі жай-күйін сөз тіркестері арқылы кескіндеу,әрине, қиын. Сөз – бөгде біреудің өлген ойларының жемісі.

Хандке өзкейіпкерлерінің әңгімелерінен бөлек, күтпеген жерден көзге түсіп, күтпегенжерден жоғалатын сұлбалардың, алуан түрлі дауыстың сипаттамасын берді. Әсіресетүстерге жасырылатын мәннің маңызын айқындады.

Қаһармандарынұқты, сүйді.

СЕРГЕЙ АТАПИН

 

БЕЙКҮНӘ СӘБИ

I

Әрбір жанның кеудесінде маңдай бағы бес елі

Сәби ғұмыр кешеді.

 

Оған шалшық су – теңіз,

терең өзен – жылғалар.

Сағат сайын қиялының қанатында ырғалар.

 

Айдарын да желкілдетер көкесіне еркелеп,

Тәулік бойы жүгіреді ентелеп.

 

Қателескен жоқ еді,

… Оның ішкі сезімін шеше кешкен жоқ еді,

Әке кешкен жоқ еді!

 

Әл-қуатын сарқып ішіп бойдағы,

Кенет алып аспан жайлы ойлады...

 

II 

Бұл фәниде кіммін деп,

Үй маңынан ұзамады міңгірлеп.

 

Жерге қайдан келгенін,

Тағдырының нендей сыйлық бергенін,

 

Қалай пайда болғандығын уақыттың,

Не екенін бақыттың,

 

Сұрай берді ауадан да, тастан да.

Сауалынан шошып бәрі қашқанда,

 

Жайдары жаз қызығының бітетінін еске алды,

Әлдекімді күтетінін еске алды.

 

Сол бір сәті өңі ме, әлде түсі ме,

Сіңіп кетті қараңғылық ішіне...

 

III

Естігені – есінде емес, көргендері – көмескі,

Қол бұлғайтын жол – ескі.

 

Шашыраған ойлары ма – қалтыраған айнада,

Бөлме ішінде жосып жүрген елестер ме жай ғана?!

 

Жаһанға уын тамызған,

Жоғалды-ау деп қатыгездік және әулекі, жауыз жан,

 

Шаттанғанда жанарында мөлтілдеді мөлдір шық,

Ұмытылған дәуірдегі тұлғалардай көлгірсіп,

 

Неден, қалай жаралғанын сұрады,

Сұрақтардан құтылудың амалдарын сұрады.

 

Күн көгінде мұнартты,

Басқа адамға айналуға құмартты.

 

IV

Жапа-жалғыз отырды,

Жалбарынды, опынды.

 

Көңілі ме желіккен,

Бір-біріне өткені мен бүгіні

ұқсамайды неліктен?!

 

Бұрын ата-анасына бағынды,

Бүгін еркін самғап ұшқан құс секілді кәдімгі!

 

Кеше таңда оянды өзге төсекте,

Кейін бұл жайт бірнеше рет қайталанды десек те,

 

Қайта-қайта түпсіз мұңға жолықты,

Шақырусыз келетұғын қонағынан қорықты!

 

Қызыл-жасыл сұлбаларға толған сайын жан-жағы,

Қалыптасты талғамы,

 

Зерттеп жүрді жалғанды,

Көріксіздеу бір аруды өліп-өшіп сүйгеніне таң қалды.

 

Аңсары ауды жұмаққа,

Ол – беймәлім жолаушының жанында,

Ол – баяғы балаң ойдан жырақта.

 

Жоғалуды қаламады із-түзсіз,

Жамандықты жасқады,

Түн сапары тұңғиыққа тіке апарып тастады.

 

V

Өле сүйді даланы,

Шалқар шабыт жұмысының есігін

ауық-ауық қағады.

 

Күндерді еске ап жылдар оты жалмаған,

Көз алмайды алмадан.

 

Өткізбесе кейде өткел,

Қос қолына саулап түсер жидектер.

 

Бұны қай күш жасайтыны беймәлім,

Сараптайды жиғанын.

 

Шикі жаңғақ қашанда,

Тілін удай ашытып,

Асау көңілін жасытып,

Тоқтатпайды қинауын.

 

Менсінбеді әрең шыққан биігін,

Көрді өмірдің оңайы мен қиынын,

 

Бір қаладан жалығып,

Бір қалаға қашқанда,

Өз-өзімен тілдесіп,

Тез өсуге асықты,

Тез өшуге асықты!

 

Пенделердің кемеңгерге балағанын қалады,

Тек тамсанып қарағанын қалады.

 

Биік ағаш бұтағынан шиелерді үзгенін,

шие толы шелектерді тізгенін,

бәріне айтып мақтанды,

 

бәріне айтып мақтанды,

тәтті, алаңсыз шақтарды!

 

Бұрындары көшедегі кісілерден ұялды,

Бүгін неге үлкеннен де, кішіден де ұялды?!

 

Бұрын тосты ұлпа қарды алғашқы,

Бүгін тағы сол әдеті жалғасты.

 

VI 

Бәлкім, оның көзден жасы жиі ақты,

ҚУ ТАЯҚТАН ЖАСАЛЫНҒАН НАЙЗАСЫ

ӘЛІ КҮНГЕ ҚАДАЛЫП ТҰР ТЕРЕККЕ –

ЖҮРЕГІНДЕ ҚАЛЫП ҚОЙҒАН БАЛАЛЫҒЫ СИЯҚТЫ!

 

                          Орыс тілінен аударғанМарлен ҒИЛЫМХАН

Тегтер: