Сөзді кім түзейді: заң ба, таяқ па?

Қазақстандықтар 30 жылда мемлекеттік тілді үйрене алмай-ақ қойды
… Жаңа президент келді.
Келдіде, қазақ тілі туралы жақсы сөздер, ой-пікірлер айта бастады. Шындығынайтқанда, бұрынғы басшымыз да мұндай сөздің талайын айтып, бізді анда-санда бірмарқайтып тастайтын («15 жылда аюға да тіл үйретуге болады ғой», «Жүз қазақотырған жерде бес орыс отырса, біз орысша сөйлейміз. Біз сорлы халықпыз ғой»,«Үкімет пен парламент қазақша сөйлесін» т.т.). Әрине, көңіл толып отырғанға не жетсін, бірақ осы «жағымдыпікірлерден» де шаршаған сияқтымыз. Олардың сөзінен қазақ тілінің жағдайыдұрысталғанын, республикадағы тілдік жағдайдың позитивті өзгергенін көріптұрған жоқпын. Бәрінің «бісмілләсі» «қазақ тілінің жағдайы сын көтермейтіндеңгейге жетті» де, аяғы «асықпайық, тіл мәселесін саясатқа айналдырмайық,орыстілділерді де ескерейік, өзбектерден үлгі алайық» т.т. болып бітеді. Бірқарағанда бәрі де дұрыс. Тек ішінде өтіріктері болмаса… Осы уақытқа дейінорыстілді ұйымдардан басқа, тіл мәселесін саясатқа айналдырып жатқан ешкімдікөрмедім. (Былтыр Әміржан Қосанов қана «Отыз жылда қазақ тілін үйренбегендермаған дауыстарын бермей-ақ қойсын» деп, барлық сайлауалды үгіт материалдарынтек қазақ тілінде шығарып таратты. Мүмкін, қазақ тілін «саясатқа араластыру»дерегі осы ғана шығар). Біз, қазақтілділер, «дүкенде, емханада, билет кассаларындат.б. орындарда қазақша сөйлеуге бола ма?» дегеннен аса алмай отырмыз. Біз әліде асхана, тойханалардағы «Ас мәзірін» қазақша жазса азамат соғысы болып кетеме» деп жалтақтап отырмыз. Қысқасы, біз, қазақтілділер, осы елдің азаматыретінде, тұтынушы ретінде мемлекеттік тілде ақпарат алуға, қызмет көрсетудіталап етуге бола ма деген сұраққа жауап таба алмай отырмыз.
Меніңше, әр қызмет иесі өзініңқұзырет деңгейінде, өз міндетіне сай жұмыс істегенде ғана қоғамда оң өзгерістерболады. Журналистердің міндеті – қоғамдағы мәселені шыңғырта жазу, жеткізу;саясаттанушылардың, әлеуметтанушылардың міндеті – сол мәселені жан-жақтысараптау, талдау; қоғам қайраткерлері мен белсенділердің міндеті – солмәселенің төңірегінде пікір таластырып, дұрысы мен бұрысын анықтау. Ал президенттіңміндеті – өзінің қазақ тіліне дегенкөзқарасын айту емес, сол мәселені шешетін шешім қабылдап, жарлық шығару. Заңшығару – парламенттің міндеті, бірақ парламент депутаттары да президентімізсияқты өздерінің тілге деген жақсы көзқарастарын айтып, мемлекеттік тілдіңбүгіні мен болашағына деген алаңдаушылығын білдіруден аса алмай отыр. Кейде «құдайүшін, ең болмаса біреулерің нақты іс-әрекет жасаңыздаршы» деп айқайлағыңкеледі. Конституцияға қараңыздар, біз құқықтық мемлекетпіз. Бізде барлығы сөзарқылы емес, тек заң арқылы шешіледі. Ал заң шығару – сіздердің міндеттеріңіз.Мүмкін, заң дайындауға өрелеріңіз жетпейтін шығар деп, осыдан 10 жыл бұрын«Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасын да дайындап бердік. Ешқандай қозғалыс жоқ.Сондықтан жақсы сөздерді жиып қойып, демографиялық ахуалды, басшылардың қолдауын,халықтың түсінік-деңгейінің көтерілуін ескере отырып, нақты мәселелерді шешугекөшейік.
***
Ал «неден бастау керек» дегенклассикалық сұраққа сөздерімізді дұрыстаудан бастауға кеңес берер едім. Қазақтілінің нормалары (заңдарына) мен ұлттық салт-дәстүрімізге, мемлекетіміздіңқұрылымына (унитарлы) сүйене отырып, осыкезеңге дейін қазақ тілінің заңдарын бұза отырып қолданылып жүрген сөздеріміздітүзеп жазуға көшу керек. Ең болмаса қазақтың сөзін, сол сөзді қолдану дәстүрінсақтап қалу қолымыздан келетін шығар. Бұл жерде де ақылдасатын, ой бөлісетін,бірауыздан шешім қабылдайтын мәселелер жеткілікті. Мен өзімнің дұрыс деп тапқанжәне тіл заңына сүйене отырып, тез арада өзгерту керек деп есептейтін бірнешемәселені назарларыңызға ұсынғым келеді.
1. Қазір Қазақ еліндегі ономастика – жер-су аттарын, елдімекендер мен көше атауларын т.т. ауыстыру мәселесі қызу жүргізіліп жатыр.Қолдаумен қатар, түсінбеушілік те, дау-дамай да, қырсықтық пен қарсылық та жеткілікті.Жоғарыдан берілетін «шулатпай жасаңдар» бұйрығын кей жағдайда жүзеге асыру мүмкінемес. Қазақстан қоғамы тілдік белгісі арқылы екіге жарылып жатса, жергіліктіжерде, алақандай ауылдарда елді мекеннің аты үшін бөлініске түсіп, бөлшектеніпжатқандар да кездеседі. Осы жерде құқықтық мемлекет есебінде заңдылыққа сүйену,заң арқылы дәлелдеу тәсілін қолдану жоқтың қасы. Керек десеңіз, «идеологиялықтұрғыдан ескірген атаулар» деген сөз тіркесін пайдаланғанда, «оның ішіне кімдеркіреді, оны кім шешті?» дегенде, «президент аппаратының бір хатында сондайсөздер бар» дегеннен аса алмай, тосылып қаламыз. Меніңше, парламент осымәселеге нүкте қойып, ең болмаса анықтамасын заңдастырып берсе, ономастикаментікелей айналысатын жергілікті атқарушы билікке үлкен көмек берер еді. Оларшуылдақ шовинистерге «бұл – мемлекеттің заңы, ұнамаса Ақ үйдің алдына барыпжиын өткізіңдер, мен орындаушы ғанамын» дер еді. Ұсыныс: парламент «идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларға» кіретінатаулардың тізімін бекітіп, заң түрінде қабылдауы керек немесе осы сөзтіркесінің анықтамасын заңға енгізу қажет.
2. Көптеген қазақ сөздері әуелі орысшаланып, кейін қайтақазақшаланып, адам танымас күйге түскен. Мен өзім кездесу өткізіп, куәсі болғанбір облыстағы атауды мысалға алайын. Батыс Қазақстан облысында «Бөрлі» дегенаудан атауы бар. Осыдан үш-төрт жыл бұрын кездесу өткізгенімізде бұл сөздіңқате екенін айтып, дәлелдеп, тез арада ауыстыру қажеттігін ескерткенмін.Басшысы да, тұрғындар да түсініп, дұрыс деп тарасқан. Былтыр барғанымда әлгіатаудың өзгермей тұрғанын көріп, ренішімді жеткіздім. (Кезінде «Бөрілі» дегентопонимика атауы ауданның аты болған да, оны орысшалағанда «Борлинский» дегенатау пайда болған. 90-жылдары аудан аты қазақшаланғанда бұрынғы атауды қайтармай, орысша нұсқасынан «Бөрлі» дегенақымақ атау пайда болған). Бұл келеңсіз мәселеден бір емес, екі ұсыныс туыпотыр. Біріншісі – қазақ тіліндегі сөз (атау) басқа тілде де сол қалпындаберілуі шарт. Айтылуында талас жоқ, әр ұлт, керек десеңіз, әрбір адам өзініңсөйлеу аппаратының мүмкіндігіне қарай әртүрлі айта берсін. Біз де Федорды«Шодыр» (М.Әуезовтің «Абай жолында»), Григорийді – «Күркерей» (С.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үйінде»),Москваны «Мәскеу» деп атай береміз, бірақ ол сөздің ресми тұрғыдан бұзылыпжазылуына заң жол бермеу керек. Біздің бұл құбылысқа етіміздің үйреніп кеткенісоншалық – қазақ сөздерін орысша жазудыңзаңдылықтарын дайындаймыз, сөздіктер жасаймыз.
Осындай қатеатауларды бюрократтық қоғамда қалпына келтіру ең қиын, кейде нәтиже бермейтінжұмыс. Жергілікті ономастика комиссияларының шешімдері республикалық бесминистрліктің алдынан өтіп, қолдауын алуы керек. Кейде осы шешімдерді алыпастанаға барған облыстық тіл басқармасының өкілдері апталап, айлап жатып,ештеңе бітірмей келетінін де естідік. Ұсыныс:қазақ тіліндегі өзгеріске түскен атауларды дұрыстау, тіл нормаларына сай жазумәселесі Тіл білімі институтына берілуі керек және ономастика мәселесіндегі қажетсізбюрократияны толық жою керек. Сонда ғана Бөрілі, Дария (қазір Даринск) т.б.атаулар бес күнде орнына келеді.
3. Тағы бір ерекше мән беретін, тез арада өзгертуді қажететіп отырған мәселе – кейбір елді мекендер атауларының екі тілдік нұсқадаболуы. «Бір тойда екі жар жоқ» дейді қазақ. Ал бір қала атауының унитарлымемлекетте екі түрлі аталуы ешбір елде кездеспейтін феномен. Өскемен – қаланыңқазақ тіліндегі атауы болса, Усть-Каменогорск – орыс тіліндегі атау. Батыс Қазақстан облысыныңорталығы Орал қаласы ма, әлде Уральск пе, оны бір Алланың өзі біледі. Оқулықта«Сөз – белгілі бір ұғымға берілген атау» деген анықтама бар. Ал егер бір ұғымғаекі атау берсек, бұл тіл заңын бұзу болып табылмай ма? Ұсыныс: қазақ және орыс тілдеріндегі екі түрлі нұсқадағы атаулары барелді мекендердің тек қазақша атауларын қалдыру туралы заң қабылдау. Мұндай«қос мекенді» атаулар тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өмірге келгенін, олуақыттағы саяси жағдайды, демографияның деңгейін білемін, бірақ 30 жылдан кейінде ешқандай ақылға сыймайтын бұл мәселе заңды түрде шешілуі шарт.
4. Соңғы жылдары қазақ тілінің емлесі, тыныс белгілері,стилистикасы сақталмайтын жағдайлар заңды құбылысқа айналып бара жатыр. Ендібіршама уақыттан кейін бұл құбылыстардың заңсыз, қате екенін түсіндіріп,ешкімді сендіре де алмауымыз мүмкін. Мысалы, Алматыдағы «2-Алматы» (ЕкіншіАлматы) вокзалы – «Алматы-2» (Алматы екі), «3-Айнабұлақ» (Үшінші Айнабұлақ)ықшамауданы «Айнабұлақ – 3» (Айнабұлақ үш) болып кеткені соншалық – сотқа беругетура келіп отыр. Ал дүкендер мен кафелердің т.б. маңдайшасындағы 30 жыл бойытүзете алмай жүрген «кафесі БОТАГӨЗ кафе», «дүкені ВЕРНЫЙ магазин» дегенсөздердің жазылуын (сөз тіркестерінің әрбір сыңары жеке аударылмайды) көргендеелімізде тілдік норма, тіл заңы дегендердің жоқ екеніне көзің жетеді. (Дұрысында,заң талабы бойынша екі тілде жазу керек болса, бір жағына «Ботагөз кафесі»,екінші жағына «Кафе Ботагөз» деуі шарт). Айтпақшы, тіл заңы жоқ ел ұлт болыпсаналмайды. Ұсыныс: қоғамдық орындардағы жазбаларда мемлекеттік тілдегі мәтіндердеқате болатын болса және оның қателігі Тіл білімі институтының анықтамасымен дәлелденсе, жазбағажауапты адамдар мен органдарға қолма-қол (бір ай, бір жылдан кейін емес) айыппұлсалынатын бап Әкімшілік кодексіне енуі керек. Францияда қоғамдық орындардамемлекеттік тілдегі жазбалардан қате жібергендер 5000 евро айып төлейді.
5. Ерекше тұрған тағы бір мәселе – қазақтардың өз ататегінеқайтып оралуы. Жастығым болар, 1991 жылы тәуелсіздік қайтып орнаған соң, қазақтарбір жылдың ішінде «-ов», «-ова», «-ев», «-ева», «-ин», «-ина» сияқты ұлттықдәстүрде, тіл нормасында жоқ, орыстандыру бағытында енгізілген жасандықосымшалардан құтылатын болар деп ойлайтынмын. Бұл қосымшалардың біздің тіліміздеболмағанын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ болатын. Оны бәріміз де білетінбіз.Алайда басым көпшілігіміз «үйреніп қалдық қой» деп мыңқылдадық та, тағы бірбөлігіміз «құжаттарда солай жазылған, кейін қиналып жүрерміз» деп, «көрегендік»таныттық. (Қиналмай, еңбектенбей, тер төкпей, бірдемені өзгертуге,отаршылдықтың таңбасынан құтылуға бола ма?) Орыстанған билік иелері «ататегінөзгертуді әрбір адамның өзі шешеді» деген байлам жасады да, «Ұлт болып ұйысайық» деген ұран жерде қалды.Соның салдарынан әлі күнге дейін түріміз – қазақ, фамилиямыз – орыс болыпжүрміз. Ең қорқыныштысы, әлі күнге дейін бұл кейпімізге ұялу, ыңғайсыздану дегендікөрмейсіз.
Тіл білімігуманитарлық ғылымдардан гөрі дәл, нақты ғылымдарға жатады. Тілдің мызғымасзаңдары бар. Грамматиканың, фонетиканың, синтаксистің өзгертуге болмайтын нақтынормалары бар. Бұл заңдылықтарды президенттің жарлығы да, парламенттің заңдарыда, үкіметтің қаулылары да өзгерте алмайды. Қазақ сөзіне орыс тілінің суффиксіжалғанып, ешқашан жаңа сөз шығармайды. Демек, «ататегін өзгертуді әрбір адамныңөзі шешеді» деген ақымақ тұжырым екі жерде екінің төрт болмауы да мүмкін деп,математика заңын жоққа шығарумен бірдей. Өз тілдерін анасындай аялаған басқаұлттар (армян, грузин, латыш т.т.) 20-30 жылдарда-ақ орыс тілінің «-ов»,«-евтеріне» қарсылық білдіріп, ұлттық нормаларынан ауытқыған жоқ. Ал бізБауыржанның «Момышұлы» болғанын қуана қолдадық та, өзіміз қозғалған жоқпыз. Демек,тегімізді қазақша жазу қазақ тілінің заң талабы болып қабылдануы керек. Егер біздің тіл заңымызда «-ов», «-ев»қосымшалары болмаса, немесе бодандықта отырғанда орыстандыру салдарынанзорлықпен енгізілген болса, олардан құтылу қазақтың ататегін өзіміздіңдәстүрімізге, өзіміздің тілімізбен жазу тілдік норманы қалпына келтіру болыптабылады. Бұл жерде ұлтыңдыауыстырмасаң, «өздері біледі» деген сөз дәлел бола алмайды.
Осыдан бірнешежыл бұрын Тәжікстан мен Әзірбайжан елдері орыс тіліндегі жасанды қосымшадан айырылғысыкелмей отырғандар үшін арнайы заң қабылдады. Енді жаңа туған нәрестенің тегіқұжаттарда орыстың «-ов», «-евінсіз», ұлттық үлгіде ғана жазылатын болды. Демек,тағы бір ұрпақ ауысқанда тәжіктер мен әзірбайжандықтардың ататегі ұлттық негіздеғана болады. Меніңше, біздің де осы жолмен жүргеніміз дұрыс. Ұсыныс: «Азаматтардың есімдері мен ататегіжәне оның жазылуы туралы» арнайы заң қабылдануы керек (мұндай заң Балтықжағалауындағы елдерде бар). Қазақ тілінің нормаларына сүйене отырып, ұлттық ататегімізгеқайтып оралу шарт.
6. Ең қорқыныштысы, соңғыуақытта қазақ тілінің заңдарын бұзуға бағытталған нақты қадамдар басталғансияқты. Оған дәлел төмендегі ресми мәлімдеме: «НҰР-СҰЛТАН,3 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандықтар жеке куәлікті рәсімдегенде, екіесімнен тұратын әкесінің атын дефис арқылы жаза алады, деп хабарлайды SputnikҚазақстан тілшісі.Депутат Майра Айсинаның айтуынша, бұған дейін екі сөзден тұратын есімдергеқатысты бірқатар қиыншылық болған. Әсіресе, ондай есімдер жеке куәліктеәкесінің аты ретінде көрсетілгенде, екі есімнің біреуі, болмаса, екеуі біргежазылатын. Енді, оны дефис арқылы жазуға болады. «Мәселен, егер әкесініңаты „Асан-Әли“ деп, дефис арқылы жазылса, баланың куәлігінде оныАсанұлы немесе Әлиұлы, я болмаса, „Асанәлиұлы“ деп, бірге жазған.Енді, заң бойынша әкесінің атын дефис арқылы жазуға болады», — деді Айсинаастанада өткен баспасөз мәслихатында. Оның сөзіне қарағанда, осы норма«Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі Қазақстанреспубликасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізутуралы» заңда қарастырылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевоған өткен аптада қол қойған болатын. Айта кетейік, Қазақстан президентіҚасым-Жомарт Тоқаевтың есімі де екі сөзден тұрады».
Егер осы 80жылдың ішінде жеке куәлікті ресімдеу кезінде біріккен сөздерді жазу мәселесіндеешқандай проблема болмай, кенеттен, біреу емес, бірқатар қиыншылықтың пайдаболуы таңғалдырады. Қазақтың тең жартысының әкесінің аты екі сөзден құралатынболар. Олар әрқашан бірге жазылады. Бұл – тіл заңы («Екі сөзден құралған кісіесімдері бірге жазылады»). Енді замандасымыз Майра Айсинаның уәжіне келейік. Оныңайтуынша, «… егер әкесінің аты«Асан-Әли» деп дефис арқылы жазылса, баланың куәлігіне Асанұлы немесе Әлиұлы яболмаса «Асанәлиұлы» деп бірге жазған» дей келе, «Енді заң бойынша әкесінің атын дефис арқылы жазуға болады» дептұжырымдайды. Ешқандай сын көтермейтін дәлел. Біріншіден, егер әкесінің аты«Асан-Әли» деп қате (дефиспен) жазылса, қазақ тілінің заңын ұстанып, Асанәлимырзаға түсіндіре отырып дефисін алып тастап, біріктіре жазу қажет. Екіншіден,егер құжатты толтырушылар екі сөзден құралған кісі атының бір сөзін түсіріп(«Асанұлы» немесе «Әлиұлы») жазса, қате толтырғаны үшін жазаға тартылуы шарт.Бұл қарапайым сауатсыздық. Меніңше, бұл жерде математика маманы Айсина ханымөмірде болмайтын жағдайды болмыс деп түсіндіруге тырысқан сияқты. Өз басым екісөзден тұратын есмдердің бір сөзін ғана тегінің атауына пайдаланғандыестімеппін. Бірақ өмірде не болмайды, мүмкін, осындай бір-екі жағдай болған дашығар. Онда ол, тағы да қайталаймын, сауатсыздықтанжіберілген қателік болып табылады.
Майра ханымның«айтуына» көңілім толмай, мүмкін, заңмәтінінде дәлел келтірілген шығар деген оймен «ҚР-ның кейбір заңнамалықактілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер ментолықтырулар енгізу туралы» (2019 жыл, 25 қараша) заңды қарап шықтым. Ондағытапқаным мыналар ғана: 63-бап, 2-тармақта: Екіншібөлік, «бөлік» деген сөзден кейін «не дефис арқылы» деген сөзбен толықтырылсын»
Енді мынаны түсініп көріңіздер: Үшінші бөлік мынадай редакцияда жасалсын: «Әкесінің қосарланған атыболған жағдайда, әкесінің қосарланған аты бойынша, олардың біреуі бойынша,олардың біреуі бойынша не әкесінің екі аты бірге жазылып, балаға әкесінің атынберуге жол беріледі» (?).
Осы сөйлемдіасықпай тағы бір оқып шығыңыздаршы. Не түсінуге болады? Мынадай қойыртпақтыжазған жандардан бәрін де күтуге болады. Білмеймін, мүмкін, осы революциялықөзгерістерді дайындағанда тіл мамандары да қатысқан шығар. Олардың қандай уәжайтып, ана тілінің заңы үшін соңғы демдері қалғанша қалай соғысқанын білгімкеледі. Ең қызығы, осы адам түсінбейтін сөйлемді парламент депутаттарыныңтүсініп, қабылдауы. Әлде қарамай-ақ қол көтере салды ма екен? Ұсыныс: қазақ тілінің заңдылығынбұзғандарға қатаң жауапкершілік қарастырылған жаңа заң қабылдау қажет. Айтпақшы,мүмкін, қазақ тілінің заңдарына мен білмейтін өзгерістер жасалған болар дегеноймен ең мықты деген, беткеұстар бес лингвист ғалымға телефон соқтым. Олардыңжауаптарының ішіндегі ең мәдениетті, сыпайысын алдарыңызға тартайын: «Жауапқарапайым: сауатсыздық. Нұр-Сұлтан сықылды. Ондай ереже жоқ. Ешқашан Молдабай –Молда-Бай, Құдайберген – Құдай-берген болмайды. Қысқасы, ұят нәрсе».
P.S. Барлығы сөзге келіп тірелетін сияқты. Библияның алғашқыжолдары «Бәрі сөзден басталады» десе, Расулағамыз «Тілім бүгін өлсе, мен ертең өлемін» дейді. Қысқасы, сөз түзелгенде ғанақоғам өмірі, болашақтың бейнесі өзгеретін сияқты. Демек, сөз – тылсым құдіретібар, болмыстың өзегі болып тұрған ұлттың қарашаңырағы.
… Керісінше, сөз бұзылғанда –қоғамның да берекесі кетіп, ұлттыңнегізі шайқалады. Халықты біріктіретін де – сөз, халықтан ұлтқа айналудың алғышартыда – сөз, сондықтан ұлтты құртуға бағытталған іс-әрекеттер де сөзді құртуданбасталады. Байқайсыздар ма, елді, жерді басып алушылардың алғашқы іс-әрекеті сөзді (тілді) жоюданбасталады. Басқыншылар әліпбиіңді өзгертеді, жер-су атауларын ауыстырады, керекдесеңіз, адам аттары мен тектеріне де өзгеріс жасауға тырысады. Ресейдің біргенералы «ұлттарды жаулап алуды зеңбірек пен қылыш бастайды да, оларды толыққұртудың рөлін дін мен тіл атқарады»деген екен.
Алпысыншы жылдары отаршылдықтаншыққан елдердің көпшілігі Біріккен Ұлттар Ұйымының құжаттарына сүйене отырып,«Отарсыздандыру бағдарламасын» қабылдап, отаршылдықтың зардабынан жоғалыпкеткен немесе жоғалудың сәл ғана алдында тұрған ұлттық құндылықтарын жандандыруғамүмкіндік алды. Өкінішке қарай, ұлтшыл азаматтар мен ұйымдардың жанайқайларынқұлақтарына ілмеген Қазақ елінің басшылары, бұрынғы коммунистік номенклатураныңөкілдері мұндай қадамға бармады, сондықтан болу керек, түрлі сұрқия тәсілдердіңсалдарынан жоғалып кеткен сөздеріміз бен тілдік заңдарымыз кезектерін күтіп,жаралы күйінде жайрап жатыр.
Мүмкін, бірінші кезекте осысөздерімізді түзеп алу керек болар?
Мүмкін, сөзді түземей жатып қоғамды дұрыстауға болмайтын шығар.
Дос КӨШІМ