SpaceX-тің ең қуатты зымыраны сынақ кезінде жарылып кетті

18 маусым күні кешке SpaceX компаниясының ең ірі Starship зымыраны Техастағы сынақ алаңында жарылды. Бұл — алты Raptor қозғалтқышымен жабдықталған Starship S36 прототипі болатын. Оттық сынақ кезінде зымыран тұмсық бөлігінен кенеттен жарылып, толықтай жойылды. Сол тұста қосымша отын багылары орналасқаны белгілі.
Адамдар зардап шеккен жоқ. Қауіпсіздік хаттамасына сәйкес, сынақ басталмас бұрын барлық қызметкерлер эвакуацияланған. Дегенмен сынақ алаңы мен құрылғыларға айтарлықтай зиян келгені айтылып отыр.
Бұл SpaceX үшін бірінші рет болып отырған жағдай емес. 2020 жылы да ұқсас жағдайда бір прототип жарылған болатын. Алайда арада бірнеше жыл ішінде ондаған үлгі құрастырылып, сәтті сынақтар өткізілген. Сондықтан бұл жолғы жарылыстың себебі ретінде отын беру жүйесіндегі техникалық ақау басты нұсқа ретінде қарастырылып жатыр.
Осы оқиғаға байланысты маусымның соңына жоспарланған Starship зымыранының оныншы ұшу сынағы кейінге шегерілетін болды.
Қазіргі таңда жарылыстың нақты себебі анықталуда. Дегенмен бұл оқиға тағы бір мәрте ғарышқа апарар жолдың күрделілігін көрсетті.