Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
02:22, 07 Қазан 2022

СҚО әкімі Тоқаевтың саясатына қарсы ма?

None
None

Солтүстік Қазақстан облысының билігі өз азаматтарының тағдырын ойламайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев президент қызметіне кіріскен сәттен бастап «еститін мемлекет» тұжырымын енгізген болатын.

Заманға сай әкімдіктер, басқа да мемлекеттік мекемелер қоғамға қолжетімді болып, халықтың талап-тілектерін тыңдап, кері байланыс орнатуы тиіс еді.

«Еститін мемлекет» – азаматтарға билік органдарымен сындарлы диалог орнатуға мүмкіндік беретін ашық және транспарентті жүйе. Алайда, мемлекеттік мекемелер барлығы бірдей Тоқаевтың талаптарын орындай ма?

Обухов тау-кен байыту комбинаты мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі арасындағы қарым-қатынасты мысалға ала отырып, кейбір мемлекеттік органдардың мемлекет басшысының саясатына қасақана қастандық жасап жатқанын көреміз. Өткен айда комбинат тағы да жанжалға тап болды. Тайынша ауылының әкімдігі даулы жерді Кобзев деген кәсіпкерге сатып жіберіпті.

Ол жер учаскесінде тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері жұмыс істеп келген. Енді 250 адам жұмыссыз қалды. Жақында тағы 180 адам жұмыссыз қалады. «Тиолайн» – қиын тарихы бар кәсіпорын. Тау-кен байыту комбинаты СҚО билігімен ұзақ уақыт бойы күресіп келеді. Облыс шенеуніктері Башқұрт сода компаниясының мүддесін қорғайды.

Айта кетейік, жоғарыда аталған компания 2017 жылы тау-кен байыту комбинатын банкротқа ұшыратып үлгерген олигархтар Фрайман мен Пяткинге тиесілі. Одан кейін «Тиолайн» ЖШС-ы рейдерлік жолмен күштеп басып алынған болатын.

Башқұрт сода компаниясының өкілдері тау-кен байыту комбинатының қызметкерлерін соққыға жыққан. Оларды аштық жариялауға дейін жеткізді. 2020 жылдың наурыз айында қарақшылар компанияға алғашқы рейдін жасады. Олар терезені сындырып, есікті сындырып, төрт адамды ұрып-соққан. Құжаттарды, мөрлер мен ақшаны ұрлап кетті.

Сол жылдың маусым айында «Тиолайнға» 40 қарақшы басып кірді. Қарақшылар тағы да құжаттарды ұрлады. Шабуыл салдарынан 9 адам ауруханаға жеткізілді. Компания қызметкерлері полицияға шабуылдың бейнежазбалары қоса берілген арыздарын берді. Құқық қорғау органдары әлі үнсіз.

Айта кетейік, дәл сол кезде Ниязов мырза (өзін Обухов тау-кен байыту комбинатының директоры деп атаған) Виктор Долгалевке қарсы арыз жазады. Ол тау-кен байыту комбинатының атқарушы директорын ұжымды заңсыз басқарды деп айыптады. Прокуратура дереу Долгалевтің үстінен іс қозғады.

Ниязов – нағыз қылмыскер. 2016 жылы ол адам ұрлағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Бірақ оның қалай бостандықта жүргені, неліктен түрмеге жабылмағаны жұмбақ күйінде қалып отыр.

Солтүстiк Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыскердiң өтiнiштерiне дереу ден қойып, оның рейдерлiк амбициясын қолдайтыны да таңғалдырады. Ал «Тиолайн» ЖШС өкілдерінің арыздарына мән бермейді.

2020 жылдың 28 тамызында «Тиолайнда» СҚО ІІД аға лейтенанты А.Н. Шугаев тінту жүргізді. Ниязовтың арызы бойынша. «Тиолайн» ЖШС-ының барлық құжаттары тәркіленді. 170 адам табысынан айырылды.

Ниязовтың тапсырысымен Обухов тау-кен байыту комбинатының вагондары тоқтатылып, рутил-цирконий концентраты тәркіленіп алынды. БСК өкілі, Ресей Федерациясының азаматы Екатерина Плугина тәркіленген тауар ресейліктерге тиесілі деген.

Айта кетейік, ресейліктер басқарған кезде комбинат жұмысшыларының жалақысы тым төмен болған. Басшылық салық төлемеген. Жұмыс істемеген. Табыстың бәрі олигархтар Пяткин мен Фрайманның фирмаларының шоттарына түсетін.

Тау-кен байыту комбинаты қызметкерлерінің қолдарында руданы сатып алғанын растайтын құжаттары болған. Бірақ бұл жайтқа тергеуші Шугаев қарамады. Шугаев мырза соттың ресми шешімінсіз «Тиолайнның» мүлкін Плугина ханымға беру туралы шешім қабылдады.

Оның арызы Солтүстік Қазақстан облысының тергеушісіне сот инстанцияларын, сараптамаларды, тергеулерді және басқа да мемлекеттік процедураларды елемеу және қазақстандық компанияның тауарын тәркілеу үшін жеткілікті болды.

Айта кету керек, бүгін Шугаев тергеусіз және сараптамасыз Плугинаны Обухов тау-кен байыту комбинатымен арадағы қақтығыстың зардап шеккен тарапы деп таныды. Ресей Федерациясының азаматына дәлелдемелер мен сот шешімдері де қажет болмады. Шугаев осымен екінші рет оның жалаң сөзіне сене салды. Бұл кездейсоқ па? Қайдам!

2020 жылдың тамыз айында тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері аштық жариялады. Башқұрт сода компаниясының мәліметінше, тау-кен байыту комбинатында электр жарығы өшірілген. Қызметкерлер жұмыс істей алмай қалды. Комбинат ұжымы аштық жариялауын Солтүстік Қазақстандағы биліктің жемқорлығы мен арам пиғылына қарсы наразылық деп атады.

Екі жылдан бері тау-кен байыту комбинатында жағдай өзгерген жоқ. Өңір билігі зауыттың жұмысына кедергі жасауын жалғастыруда. «Тиолайн» жүктерінің тасымалдануы қасақана кешіктіріледі. Тауарлары тәркіленуде. Қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Башқұрт сода компаниясының өкілдері Долгалевке қарсы үзіліссіз арыз-шағым жазып жүр. Сот пен дау-дамай кәсіпорын қызметкерлері үшін күнделікті көретін қалыпты жағдай боп кетті.

Жуырда Кобзев деген кәсіпкер зауыт өкілдері жұмыс істеген 920 гектар жерді сатып алды. «Тиолайн» ЖШС атқарушы директоры Виктор Долгалев атап өткендей, Кобзев тау-кен байыту комбинатын жер телімінен айыру туралы еш арыз-талап түсірмеген.

Тайынша ауданы әкімдігіне сауал жіберілді. Судья Досаева әкімдіктің пайдасына шешім шығара салды. Соның салдарынан 250 адам жұмыссыз қалды. Әкiмдiк түк болмағандай кейіп танытуда. Міне, СҚО шенеуніктерінің бұл әрекеттері «еститін мемлекет» тұжырымына қайшы келеді.

6 қыркүйекте Тайынша ауылы әкімдігінің қызметкерлері Обухов тау-кен байыту комбинатының ұжымымен жиналыс өткіземіз деген. Бірақ оған шенеуніктер келмеді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов та байланысқа шықпайды. Ал Тайынша әкімі өзінің орнына кім көрінгенді жібереді. Әкiмдiктiң бұлай өз азаматтарын менсінбеуі  – бұл мемлекеттiң ашықтығы мен әділдігіне күмән тудырады.

Әкімдік Обухов тау-кен байыту комбинатының қызметкерлерімен келіссөз жүргізуге бөлме бермей қойған. Дәлізде қарсы алып, адам сияқты сөйлесудің орнына қолындағы қағаздарымен әкіреңдеген. Халықпен сөйлесу жоқ, өз азаматтарының тағдырына мұнша немқұрайды қарауға бола ма?

Ең жаманы – табыссыз қалған 250 отбасы. Жақын арада жұмыссыз қалатын тағы 180 отбасы бар. Олардың зарына мемлекет құлақ аса ма, бұл бізге жұмбақ.

Тегтер: