11:45, 03 Тамыз 2022
СҚО-да азық-түліктің қымбаттауына байланысты балабақшаларда балаларды тамақтандырмайды
Солтүстік Қазақстан облысында азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты балабақшаларда балаларды тамақтандырмайды, деп хабарлады Петропавловск.
news.
«Азық-түлік бағасының көтерілуіне орай жеткізушінің қазір шартта көрсетілген бағамен азық-түлік жеткізетін мүмкіндігі жоқ. Себебі тағамның көп түрі бойынша сатып алатын баға шартта төленетін бағадан біраз жоғары. «Аталмыш мәселені шешу бойынша жеткізушімен бірге жұмыс жүргізілуде», — деп хабарлады Солтүстік Қазақстан әкімдігінің білім басқармасынан.
Бұл өзгеріс Мәмлүк ауданы «Новомихайловка орта мектебі» ҚКМ «Арай» шағын орталығына әсерін тигізген.Ақпар бойынша, балалардың балабақшада тамақтанбай жүргендеріне бір ай болған. Сондықтан шағын орталық тек түске дейін ғана жұмыс жасайды екен.