Стамбұлда Қазақстан азаматын өлтіріліп кетті – СІМ пікір білдірді
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Стамбұлда қазақстандық азаматтың өлтірілуіне қатысты пікір білдірді.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға 31 наурыз күні Стамбұл қаласының Фатих ауданында болған.
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аталған оқиғадан хабардар. Қазіргі уақытта Түркия Республикасының құзырлы органдары қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.
Стамбұлдағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы марқұмның туыстарына қажетті көмек көрсетуде. Мәселе бақылауда», – делінген хабарламада.
Аталған қылмыс жексенбі күні шамамен сағат 16:30-да болған.
Белгісіз адам жеке логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматы Ариф Исмаиловқа оқ атқан. Ауыр жарақат алған ол ауруханада көз жұмған.
Стамбұл полициясы алдымен күдіктілер мінген көлікті анықтап, кейін дрондардың көмегімен олардың өзін ұстаған. Олар – Грузия азаматтары, елден қашпақ болған деген болжам бар. Қылмыстың себебі әзірге белгісіз.