Бүгін, 14:31
Степногорск қаласында 23 жастағы ана жетінші қабаттан сәбиімен бірге құлап кетті

Степногорск қаласында 23 жастағы әйел жетінші қабаттың терезесінен жеті айлық сәбиімен бірге құлап, екеуі де қаза тапты.
Белгілі болғандай, оқиға кезінде әйел мен қызы туыстарының үйінде болған.
Полиция алдын ала тергеу басталғанын мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Басқа мәліметтерді жариялай алмаймыз», – деді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнара Пинчук.
Құқық қорғау органдары қылмыстық істің нақты қай бап бойынша қаралып жатқанын әлі нақтылаған жоқ.