Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:41

Степногорскідегі жаңа жылдық дауға байланысты әкімдік тұрғындардан кешірім сұрады

1
Фото: ашық дереккөз

Степногорск қаласының тұрғындары биылғы жаңа жылдық безендіруге наразы болды.

Ақмола облысының Степногорск қаласында орнатылған Аяз ата мен Ақшақардың мүсіндері жұртшылықтың наразылығын тудырды. Қала тұрғындарының айтуынша, олардың сырт келбеті әсіресе түнгі уақытта қорқынышты әсер қалдырған.

Биыл өңірдегі жаңа жылдық безендіруге 10 млн теңгеден астам қаражат жұмсалғаны хабарланған. Осы жағдайдан кейін қала әкімдігі тұрғындардан кешірім сұраған. Алайда кейінірек депутаттардың бірі безендіруге бюджеттен бір тиын да бөлінбегенін мәлімдеді.

Қоғамда дау тудырған мерекелік мүсіндер ақыры алынып тасталды.

Қоғамдық қысымнан кейін қала әкімдігі жағдайға байланысты түсініктеме беріп, тұрғындардан кешірім сұрауға мәжбүр болды. Алайда степногорскіліктер тек кешіріммен шектелмей, нақты жауапты, шығындар туралы ашық есеп пен мерекелік безендірудің лайықты деңгейде қайта жасалуын талап етіп отыр.