Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:21, 01 Тамыз 2023

Стивен Кинг фильм түсіремін деген Ташкент студентіне әңгімесін бір долларға сатты

None
None

С.А.Герасимов атындағы ВГИК Ташкент филиалының студенті Гүлнәра Иванова жазушы Стивен Кингпен келісімшартқа отырды.

Ол 1981 жылы жазылған «Қол алыспаған адам» (The Man Who Would Not Shake Hands) әңгімесіне фильм түсіру  құқығын жазушыдан 1 долларға сатып алды.

«Жанасу» қысқаметражды хоррор фильмі Малайзияда өткен Nitiin International Film Festival-інде «Үздік триллер» номинациясын жеңіп алып, «Student World Impact Film Festival» фестивалінің дипломымен марапатталды.

Университеттің хабарлауынша, қазір Гүлнәра Ташкенттегі ВГИК-тің қолдауымен «Көзіңді аш» атты жаңа фильмін аяқтап жатыр. Оның трейлері Панамадағы The Panama Series фестивалінде үздік трейлер атанды.

Тегтер: