Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:30

Стример Анар Абдуллаев Қазақстандағы қамаудан кейін Ресейге оралды

Анар Абдуллаев
Фото: скриншот

Ресейлік стример Анар Абдуллаев Қазақстанда ұсақ бұзақылық бабы бойынша 15 тәулік әкімшілік қамауда болғаннан кейін Ресейге оралғанын мәлімдеді.

Өз парақшасында ол қазақстандықтарға қайтадан кешірім сұрады.

«Тағы да бүкіл қазақ халқынан кешірім сұраймын, бұлай болғанына өкінемін, ешкімді ренжіткім келген жоқ, әсіресе қорлағым келген жоқ. Мен – достыққа ашық адаммын. Үлкен қолдау көрсеткендердің барлығына рахмет! Мен үйдемін! Қайтып келдім!» — деп жазды Абдуллаев.

Бұған дейін Алматыда өткен тікелей эфир кезінде ресейлік блогерлер Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаев қазақстандық қыздарға қатысты қорлайтын сөздер айтқан соң, қоғамда үлкен резонанс туған еді.

Алматы соты тікелей эфирдегі резонансты оқиғадан кейін стримерлерге ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік қамау жазасын тағайындады. Олардың айтқан сөздері қоғамда үлкен наразылық туғызып, құқық қорғау органдарының тексеруіне себеп болды.

Кейінірек Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев ІІМ Қылмыстық кодекстің 174-бабы — әлеуметтік, ұлттық және өзге де араздықты қоздыру фактісі бойынша жеке тергеу бастағанын хабарлады. Аталған баптың 2-бөлігі бойынша, қылмыс құрамы анықталған жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл іс әкімшілік қамауға қатысы жоқ бөлек өндіріс аясында ққараған.