Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:30, 14 Қыркүйек 2021

Су арналары: цифрландыру, реконструкция, жаңа суқоймалар

None
None

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі алдағы бес жылда ұзындығы 3,3 мың шақырым болатын 212 каналды цифрландыруды жоспарлап отыр.

Осы іс-шараларды іске асыру 2,2 текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік беретін көрінеді.       Өткен жылы Түркістан облысындағы «К-19» магистралды каналын цифрландыру бойынша бірінші жоба сәтті жүзеге асырылды. Нәтижесінде 45 пайызға көбірек су жұмсалатыны анықталды. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, ведомство суды үнемдеу мақсатында үнемдеу технологиялары қолданылатын аумақты 2025 жылға қарай 750 мың гектарға дейін жеткізуді ұсынады.       Бүгінгі таңда арналардың 60 пайызы нашар жағдайда. Бұл – суды тасымалдау кезінде орын алатын жоғары шығынның негізгі себебі.Осыған байланысты алдағы бес жыл ішінде ұзындығы шамамен 2,3 мың шақырым болатын тағы 120 арнаны қайта жаңарту жоспарлануда.«Арналарды қалпына келтіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Мәселен, 2019-20 жылдары 1734 шақырым канал жөнделіп, 111,5 гектар суармалы жер айналымға енгізілді. Жыл соңына дейін 1050 шақырым каналдарды қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл 78 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізуге мүмкіндік береді», – деді Мағзұм Мырзағалиев.

       Сонымен қатар 2025 жылға дейін жалпы көлемі 1,7 млрд текше метр болатын суқоймалар салу жоспарланып отыр. Олар Қазақстанның алты облысында салынбақ: Ақмола – 1, Алматы – 1, Жамбыл – 3, БҚО – 2, Қызылорда – 1, Түркістан – 1.

      Суқойма салу 20 елді мекенде (70 мың адам) су тасқыны қаупін азайтуға, 195 мың гектар жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізуге және ауыл шаруашылығында 20 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Айта кетсек, биыл Түркістан облысында Кеңсай-Қосқорған-2 суқоймасының құрылысы аяқталды.

Тегтер: