«Су саясаты» департаменті құрылады
Қазақстан трансшекаралық ағын суларға тәуелді. Шектес елдермен өзара тиімді ынтымақтастық – елдің су қауіпсіздігінқамтамасыз етудіңнегізгіфакторы.
Жуырда Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікәли Мұқатаев министрліктің су саласын дамытудағы атқарылған жұмыстары туралы баяндады.
Вице-министр Арал-Сырдария, Жайық-Каспий және Шу-Талас бассейндерінің трансшекаралық ағынға өте тәуелді екенін атап өтті.
Сырдария өзенінің бассейні бойынша, биылғы жылдың наурыз айында Бішкек қаласында Қырғызстанға электр энергиясын жеткізу хаттамасына қол қойылды. Кестеге сәйкес Шардара су қоймасына келетін су ағыны вегетациялық кезеңде 3,9 млрд м3 күтілді. Ал нақты судың келуі – 4,014 млрд м3 болды.
Сондай-ақ, осы жылдың сәуір айында Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының жұмыс режимінің болжамды кестесі келісілді, оған сәйкес Шардара су қоймасына вегетациялық кезеңде ағын 3,9 млрд м3 көлемінде күтілді. Нақты түсім 4,014 млрд м3 құрады.
Душанбе қаласында маусым айында хаттамаға қол қойылып, нәтижесінде жазғы уақытта «Достық» каналының қазақстандық бөлігіне 490 млн м3 су беру жоспарланған. Нақты 698 млн м3 су келді, бұл жоспардан 208 млн м3 көп.
«Жалпы, келісілген іс-әрекеттердің нәтижесінде біз көп шығындарға жол бермей, вегетациялық кезеңді аяқтадық», деді Серікәли Мұқатаев мәлімдеді.
Сонымен қатар, 2022 жылдың соңына дейін республикалық бюджеттен және халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен 1720 шақырым суару каналдарын қайта жаңарту жоспарланған, бұл 80 мың гектар жерді қалпына келтіруге және 24 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді.
Серікәли Мұхаметкәрімұлының сөзінше, бүгінгі күнге 1720 шақырымдық суғару су каналдарының 1290 шақырымы қайта жаңартылды, барлық 89 канал цифрландырылды, қазіргі уақытта іске қосу-реттеу жұмыстары және тестілік сынақтар жүргізілуде. Сонымен қатар, вице-министр су шаруашылығындағы штаттағы қызметкерлердің аздығы туралы сөз қозғады.
Вице-министрдің айтуынша, штаттағы қызметкерлердің аздығына байланысты, су ресурстарын есепке алу және пайдалануды бақылау, талдау және болжау, стратегиялық жоспарлау және даму бағдарламалары бойынша жұмыстардың іске асырылуына қиындықтар туындайды. Сондықтан, қазіргі кезде Су саясаты департаментін құру жұмысы жүргізілуде, ал Су ресурстары комитетінде Су қорын есепке алу басқармасы ашылды.
Қазіргі уақытта комитеттің және бассейндік инспекциялардың бірге алғандағы штаттық саны бар болғаны 136 адам, ал ең төменгі қажеттілік шамамен 313 адамды құрайды. Бұл мәселе биыл қыркүйектің соңында Су кеңесінің отырысында қаралды, отырыс барысында еліміздің премьер-министрі функционалдық талдау жасауды, оны әрі қарай Ұлттық экономика министрлігіне енгізуді тапсырды. Осы бағытта енді қауырт жұмыс басталды.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында жаңа Су кодексін әзірлеу жұмыстары жалғасуда. Жаңа Су кодексі мен ілеспе заң жобасының тұжырымдамалық жобалары әзірленді.
«Жаңа Су кодексінің және ілеспе заң жобасының мәтіні аяқталуда, содан кейін мемлекеттік органдармен келісу және қажетті сараптамаларды алу рәсімі басталады. 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығында жаңа Су кодексінің жобасы Парламентке енгізіледі», деп мәлім етті вице-министр.
Бұл іс-шаралар кезеңмен қаржыландырылған жағдайда – жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуге, су шаруашылығы инфрақұрылымын қалпына келтіруге және су шығынын азайтуға, халықтың және экономика салаларын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады, деп сендіріп отыр Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікәли Мұхаметкәрімұлы.