Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 01 Сәуір 2024

Су тасқыны: Бектенов Үкіметі шығынның орнын толтыра ала ма?

в
Фото: из открытых источников

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Алматы, Павлодар, Ұлытау, Абай облыстарында 12 701 адам, оның ішінде 4 728 бала құтқарылып, эвакуацияланған.

ТЖМ ақпаратынша,  Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында уақытша орналастыру пункттерінде 6 461 адам, оның ішінде 2 570 бала бар. Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 961 адам, оның ішінде 261 бала эвакуацияланды.

«Жедел желі» телефондарына 592 қоңырау келіп түсті, 20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмысын жалғастыруда.Сондай-ақ, күрделі су тасқыны жағдайы қалыптасқан өңірлерде бұл Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай облыстарында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін еліміздің басқа өңірлерінен ТЖМ күштері мен құралдарының топтары тартылды.299 жеке тұрғын үй мен 673 аула аумағынан су шығарылды. Бұл ретте 1 267 жеке тұрғын үй мен 486 аула аумағы су астында қалып отыр. Су шайған 39 автожол, оның ішінде 1 көпір және 38 жол төсемі бақылауда, делінген хабарламада. 

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарында жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 53 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.

Бұған дейін Президент Тоқаев су тасқынына байланысты кеңес өткізіп, бірқатар әкімдерге сөгіс  жариялаған болатын. Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев штаб басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Президент су тасқынына қарсы уақытылы шара қабылдамағаны үшін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке қатаң сөгіс, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне қызметтік міндеттеріне толық сай келмеуіне байланысты ескерту берді. Ал Атырау, Ақмола, Алматы, Павлодар және Абай облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлады Ақорда. 

Ал, Үкімет ТЖ салдарынан қираған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары мен салуға ҚР Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен қаражат бөлінетінін айтты. Үйі апатты деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін жергілікті әкімдіктер жасамақ.

«Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы іс-шараларды қанағаттанарлықсыз деп сынға алды. Қазірден бастап апаттан келтірілген залалдың көлемін бағалауды бастап, зардап шеккен адамдарға дереу материалдық көмек көрсетуге кірісу керек. Сондай-ақ болашақта мұндай ауқымды су тасқынының алдын алу үшін кешенді шаралар әзірлеу қажет. Әр өңірде нақты іс-қимыл жоспары болуға тиіс», — деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.

 

Фото: tobolinfo.kz

Тегтер: