Су тасқыны салдарынан малын жоғалтқан азаматтардың шығыны қалай анықталады?
ҚР Үкіметі су тасқыны салдарынан малын жоғалтқан азаматтарға шығын қалай төленетіні туралы айтты.
Үкімет ақпаратынша:
- Су тасқыны салдарынан мал басын жоғалтқан азаматтарға шығынды өтеу. Өтемақы мөлшерін нарықтық деректер негізінде залалды анықтау жөніндегі өңірлік комиссия айқындайтын болады;
- Үкімет шаруалар мен мал иелеріне кредиттер мен лизингтік міндеттемелерді өтеуді кейінге қалдыру арқылы қосымша жәрдем көрсететін болады. Төлемдер кешіктірілген жағдайда оларға айыппұлдар салынбайды;
- Төлемді кейінге қалдыру шартымен мал иелерінің өтінімдеріне сәйкес «Азық-түлік корпорациясынан» жемшөпті жеткізу жөнінде. Тиісті өтінімдерді ресми түрде «Азық-түлік корпорациясына» немесе әкімдіктер арқылы жолдауға болады.
Фото: Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметі