Қоғам

Су тасқыны: Төрт облыстың құрылыс қарқыны төмен екені айтылды

Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқынынан кейін тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

в

Үкімет есебінше, су тасқыны салдарынан барлығы 19 342 жылжымайтын мүлік (жалғыз баспана болып саналатын үйлер мен саяжайлар) зақымданды, оның 8 578-і қалпына келтіруге жарамсыз деп танылған.

Қазір 2 578 үй құрылысы мен 6 мың жылжымайтын мүлік сатып алу жұмыстары жүріп жатыр.  СҚО-да 200, Павлодар облысында 5 жаңа үй құрылысының жедел жүргізілген, сондай-ақ жуырда Қостанай облысында 22 үй тапсырылады.

Әкімдіктер қажетті қаржымен толық қамтамасыз етілді, барлық кемшіліктер жойылды, салынып жатқан үйлердің үлгілік жобалары бекітілді. Сонымен қатар жекелеген өңірлерде жұмыс кестесінен 15-25 күнге артта қалушылық бар. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола және Атырау облыстарында құрылыс қарқыны төмен. Үкімет басшысы әкімдерге әрбір нысанға адамдар мен техника жұмылдыруды тапсырып, Президент жүктеген міндеттерді орындау үшін шамамен 2,5 ай қалғанын еске салды, делінген хабарламада.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, энергетика және көлік вице-министрлері жұмыс уақытының негізгі бөлігін барлық жұмыс аяқталғанға дейін өңірлерде, тікелей құрылыс алаңдарында өткізетін болады.

Сонымен қатар, жергілікті жолдарды жөндеуге және реконструкциялауға Үкімет резервінен 22,7 млрд теңге бөлініп, зардап шеккен өңірлердегі мектептерді қалпына келтіруге 7,5 млрд теңге бағытталған. Барлық мектеп оқу жылы басталғанға дейін қалпына келтірілетіні айтылды.

Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз