Су тасқынына дайындықты қамтамасыз етпеген мердігерлерге тергеу басталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстанның үш облысында су тасқыны кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс болған мердігерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл туралы агенттіктің ресми өкілі Әлібек Әбділов хабарлады.
Олар су тасқыны кезеңінде селден қорғайтын бөгеттер мен су қоймаларын салу және тиісті жөндеу, өзен арналарын кеңейту жұмыстарын жүргізуге тиіс болған.
ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-мен келісімшартқа отырған мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдіктелуде. ЖШС Алматы қ. «Ақсай өзенінің бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу» жобасын іске асырған ЖШС-ның жауапты тұлғалары алдын ала сөз байласу арқылы, аса ірі көлемде, бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенуді. Залал сомасы алдын ала есеп бойынша 775 млн теңгеден асады.
«Сондай-ақ, ауыр зардаптарға әкеп соққан міндеттерге немқұрайлы қарау фактісі бойынша Ақтөбе облысындағы «Магаджан» бөгетін (су қоймасын) сенімгерлік басқаруға алған ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Анықталғандай, 2014 жылы бұл бөгет балық шаруашылығын жүргізу мақсатында жеке компанияға сенімгерлік басқаруға берілген. Алайда ЖШС тарапынан, бөгетті күтіп ұстау және қызмет көрсету бойынша өз міндеттері тиісінше орындалмаған», – деді спикер.
Мәселен, осы жылдың 5 сәуірінде Ақтөбе облысының Хромтау ауданында орналасқан «Мағаждан» бөгеті (су қоймасы) бұзылды. Су тасқыны нәтижесінде Алға ауданының Бесқоспа, Қызылту және Табантал ауылынан 215 адам, оның ішінде 96 бала, сондай-ақ Ақтөбе қаласы Елек және Қарғалы өзенінің маңында орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындары эвакуацияланды.
«Сонымен қатар, Ұлытау облысында ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған ЖШС көктемгі су тасқыны кезінде жақын маңдағы аумақтарды шайылып кетуден қорғау үшін ұзындығы 2 шақырым Жезді өзеніне санация жүргізу үшін жалпы сомасы 485,5 млн теңгеге мемлекеттік мекемемен шарт жасасқан. Алайда, жобаны іске асырудың бақылау өлшемімен мердігер жалпы сомасы 282,5 млн теңгеге жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын нақты орындамағаны анықталды. Сол сәтте жоғарыда аталған жұмыстардың болмау жағдайында ЖШС атына орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес 400 млн теңге аударылған», – деп мәлімдеді ведомствоның ресми өкілі.
Аталған әрекеттердің салдарынан 26 үй су астында қалып, 174 адам эвакуацияланды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Олардың барысында көрестілген фактілерге қатысы бар барлық лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Фото: Ортком