Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады

Сайт әкімшілігі

20.08.2020, 18:13

98

     «Түркістан облысында Kutlar Muhendislik түрік компаниясы ауызсу мен ағын су тазартудың заманауи модульдік станцияларын шығаруды жоспарлап отыр» деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

     Ұлттық компания және Түркістан облысы әкімдігінің көмегімен инвесторлар қажетті жабдықтардың бір бөлігін алып, Кентау қаласында өз жұмысын бастап кетті. «Түрік серіктестеріміз жұмысты металл кесетін негізгі жабдықты орнатудан және модульдік станцияларды құрастырудан бастады. Сонымен қатар сүзгілер мен автоматтандырылған қондырғылардың бірнеше үлгілері әкелінді. Келесі жылдың соңына дейін компания жергілікті қамтуды біртіндеп ұлғайта отырып, Қазақстандағы ауызсуды тазартудың блокты-модульдік станцияларын өндірудің толық желісін құруды жоспарлап отыр», – дейді «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Түркістан облысы бойынша өңірлік директоры Дәулетқожа Мамыров.

     Өндірісті толық іске қосқаннан кейін жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен 1,5 млн долларды құрайды. Зауытта өндірілетін жүйелер соңғы технологиямен жабдықталған және тазарту құрылыстарының дәстүрлі түрлерінен бірқатар артықшылықтарға ие. «Мысалы, модульдік су тазарту станцияларының классикалық тазарту қондырғыларынан айырмашылығы –  орнату үшін шамамен 20 пайызға аз орын қажет. Қоспаларды алып тастау және суды тазарту процедурасы толығымен автоматтандырылған, дәстүрліге қарағанда өзіндік құны мен бағасы төмен. Ең бастысы, пайдалануға беру қысқа мерзімде жүзеге асырылады», – деді Kutlar Muhendislik компаниясының құрылтайшысы Кенан Кутлар.

      Мамандардың айтуынша, заманауи қондырғы лай, бөтен иіс пен дәмді, судағы қосалқы заттарды толығымен жояды. Темір, мырыш және басқа да бөгде элементтерден тазартады. Судың сапасы арнайы аспаптар арқылы бақыланады. Тазарту процесі бастан-аяқ тексеріледі. Тәулігіне қондырғы 100 мың адамға есептегенде 20 мың текше метрге дейін суды тазарта алады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды
12.08.2020, 15:09
Коронавирус жұқтырғандарға бес дәрі-дәрмек тегін берілетін болды

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38