Судмедэксперт Нұрқанат Ғайыпбаевтың алған жарақаттары туралы айтып берді

Талдықорғанда жасөспірім Шерзат Полаттың қазасына қатысты іс бойынша сот жалғасып жатыр.
Бүгінгі отырыста сот-медициналық сарапшы Өмірбек Жолымбетов сөз алды. Ол марқұмның нағашы ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жарақаттарына сараптама жүргізген.
Сарапшының айтуынша, Ғайыпбаевтың денесінен келесі жарақаттар табылған:
— сол көз астында көгерген жаралар (3,0 және 5 см);
— оң құлақ тұсында көгерген іздер (2,0 және 1,0 см);
— шүйде тұсында ісіну және қабыну;
— оң санының жоғарғы бөлігінде тесіп-кесілген жара (1,2 және 0,1 см).
Диагноз:
— жабық бас-ми жарақаты;
— ми шайқалуы;
— маңдай және шүйде тұстарындағы көгерулер мен сырылып түскен жаралар;
— кеуде қуысының жарақаты;
— санына түскен тесіп-кесілген жара;
— тізе тұсының соғылған жері.
Бұл жарақаттар оқиға күні болған жанжал кезінде алынған болуы мүмкін. Судмедэксперт олардың ауырлығын «орташа» деп бағалады. Сот процесі жалғасып жатыр.