Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:40

Судмедэксперт: «Уақытында көмек көрсетілсе, Шерзатты аман алып қалуға болар еді»

Сарапшы
Фото: Жоғары сот

Шерзат Полаттың мәйітіне сараптама жүргізген сот-медициналық сарапшы Мұхит Күшеров сот отырысында сөз сөйледі.

«Сот-медициналық ашу кезінде сол жақ кеуде тұсында, бесінші және алтыншы қабырғалар аралығында орналасқан, ұзындығы 12 см болатын өткір заттан енген жарақат анықталды. Жарақат сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігін зақымдап, плевра қуысында шамамен 1500 мл қан жиналған», - деді ол.

Сарапшының айтуынша, дәл осы жарақат жасөспірімнің өліміне себеп болған.

Жәбірленуші тараптың адвокаты егер Шерзатқа дер кезінде медициналық көмек көрсетілсе, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болған-болмағанын сұрады. Бұған жауап берген Күшеров:

«Егер уақытылы ауруханаға жеткізіліп, шұғыл ота жасалғанда, оны аман алып қалуға болар еді», - деді.

Мұхит Күшеровтен кейін сот залына Тахир Халимназаров шақырылды. Ол бұған дейін Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың мәйітіне сараптама жүргізген.

Марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты ашық сот отырысы кезінде Алматы облысында жер сілкінді. Сот кезінде тәуелсіз сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров марқұмның өліміне қатысты себептерді баяндап тұрған еді.

Жер сілкінісіне байланысты сот отырысы уақытша үзіліс жариялады. Айта кетейік, ашық сот отырысы Талдықорған қаласында өтіп жатыр.

 

Тегтер: