Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:30, 22 Шілде 2023

Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой рингтегі 15-жеңісіне қол жеткізді

None
None

Единбургте (Шотландия) өткен бокс кешінде қазақстандық Сұлтан Зәуірбек (14-0, 10 КО) өнер көрсетті.

Ол испаниялық Джон Картермен (15-0-1, 7 КО) жұдырықтасты. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген, бірақ Сұлтан үшінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой мансабындағы он бесінші жеңісіне қол жеткізді.

Сұлтан Зәуірбектің бұған дейінгі жекпе-жегі 2023 жылы 25 наурызда Болтон қаласында өткен, онда жерлесіміз аргентиналық Факундо Арсені нокаутқа түсірген болатын.

Тегтер: