«Сұңқар» зымыраны алғаш рет Байқоңырдағы ғарыш айлағына шығарылды
Союз-5 («Сұңқар») зымыран-тасығышы алғаш рет Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізіліп, алғашқы сынақ ұшырылымына дайындық басталды.
Зымыран пайдалы жүктің макетімен бірге таңертең теміржол арқылы 42-алаңдағы монтаж-сынақ корпусынан 45-алаңдағы старттық қондырғыға жеткізіліп, тік күйде орнатылған.
Алдағы бірнеше күнде мамандар старт кешенін, зымыран жүйелерін толық тексеруден өткізеді. Алғашқы сынақ ұшырылымы 3 сәуір күні Астана уақытымен 16:00-ге жоспарланған.
«Бәйтерек» жобасы
Бұл жоба Бәйтерек аясында жүзеге асырылып жатыр. Оның мақсаты – экологиялық таза отынмен жұмыс істейтін зымырандар арқылы ғарышқа ұшу. Жоба 2004 жылы басталып, 2005 жылы сол кездегі президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қатысқан рәсімде ресми түрде іске қосылған.
Алғашында «Ангара» зымыраны қолданылуы тиіс болған, алайда кейін бұл жоспар өзгеріп, жаңа «Союз-5» («Сұңқар») зымыраны таңдалды.
Ол бұрын «Зенит» кешеніне тиесілі инфрақұрылымды жаңғырту арқылы пайдалануға мүмкіндік береді.
«Сұңқар» – екі сатылы, орта класты зымыран. Ол Ресейдегі РКЦ «Прогресс» кәсіпорнында өндіріледі.
Негізгі сипаттамалары:
-
биіктігі: 58,8–65,2 метр;
-
диаметрі: 4,1 метр;
-
ұшыру массасы: 526–531 тонна;
-
жүк көтергіштігі:
-
төменгі орбитаға – 17,4 тонна;
-
геостационарлық орбитаға – 2,5 тонна.
-
Отын ретінде экологиялық қауіпсіз нафтил (керосин түрі) және сұйық оттегі пайдаланылады.