Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:34, 14 Желтоқсан 2020

Супермаркет бастығының ұлы екі адамның өмірін қиған жол апатына себепкер болды

None
None

Теміртау қаласында «Ford» көлігін тізгіндеген көлік жүргізушісі жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, «Киа» көлігіне соғылған.

«Киа» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болған. Екі көліктің тағы төрт жолаушысы жарақат алып, ауруханаға түскен.

 Екі адамның өмірін қиған жол апатына себепкер болған «Ford»  көлігінің жүргізушісі «Аян» супермаркет желісінің қожайыны Олег Боровиковтың ұлы.

Ол жол көлік апаты кезінде жарақат алып ауруханаға түскен. Бүгінде көлік жүргізушісін ауруханадан уақытша қамау изоляторына әкеткен. 

«Жол көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеудің жүру барысын Полиция департаментінің бастығы арнайы бақылауына алды» ,- деп хабарлады Қарағанды облысының Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров. 

Бейресми деректер негізінше «Киа» көлігінде бір отбасының адамдары болған, олар сол күні қаланың шетіндегі саяжай аумағына бара жатқан екен. 

Тегтер: