Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:11, 07 Шілде 2020

Сурет сыры

Шамамен 20 жыл бұрынғы фото. Авторыбелгісіз. Кадрға ілінгеннің бәрі де біз үшін қадірлі жандар.

    Тарихтыңтаспаға түсіп, санада сақталатыны да бір ғажап. «Суреттер сөйлейді» демекші,мына бір фотоны тілеулес дос жіберіпті. «Есіңізде ме?» дейді. Есте болмай ше,қазақтың сесті ұлдары. Мүмкін, сол кезде үміт артылды. Кейін бәрі де әлгіүмітті ақтаған еді. Нақ қай жерде және кімнің фотоаппарт кезенгенін ұмыттық. Жады мықтыларға дереу жолдау керекекенін түсініп, Тұрсын бапкердің телефонын тердік. Бұйымтайды айттық, 2000жылдың маңы екені анық. Киім үлгісі сол кезге қарай бағыттайды.

     Ұлттық құраманың өзіміздің ұландарданжасақталғаны қандай жақсы! Бірінен бірі өтетін саңлақтар арасынан бізге де орынтабылыпты. Шамасы, сәлем бере барғанбыз. Кезекті жарысқа аттанғалы жатқанжігіттерге сәттілік тілеп. Бір фотоның өзінен қаншама дерек алуға болады.Мысалы, боксшылар үстіндегі форманы сол кездегі үкімет басшысы НұрланБалғымбаев арнайы тапсырыспен тіктірген. Кейде сыртқы әлем киіміңе қарапқабылдайды. Мұндайда жібі түзу жейде немесе өңі кетпеген шекпен шешендігің менкөсемдігіңнен де биік тұрады. Әрі жігіттердің еңсесі биік болсын деген  шығар, Қазақстан бокс қауымдастығының тізгінінұстаған Нұрлан Өтепұлы спортшыларға  өтесапалы, кір де, сын да көтеретін киім-кешек алып берген және бұл форманы біздіңжігіттер Ташкентте өткен Азия чемпионатына киіп барып еді. Олимпиада жолдамасынтаратқан құрлық біріншілігіне. Саңлақ боксшылардың бірінен сұрай салсақ болушыеді. Біз сол кездегі бас бапкер Тұрсынғали Еділовті әңгімеге тарттық дедік қой.

— ТұрсынғалиНұржақыпұлы, бір ғана фото. Сұхбат соның төңірегінде өрбиді. Қай жылытүскенбіз?

— Енді бірден нақ айту қиын шығар. Қисынға сүйенсек,Нұрлан Балғымбаев арнайы тіктірген форма. Оны Өзбекстанға киіп барып, олжалықайттық. Бірнеше жігітіміз өз шеберліктерін паш етті. Әсіресе Бекзат Саттархановжарқ етіп көрінді. Мұқтархан Ділдәбековтің де нағыз бабында жүрген кезі.Ермахан екібастан мықты. 1997 жылдан кейін Ермахан кәдімгідей биікке самғады.Шеберлік жағынан болсын, қарсыласты көру, зерттеу тұрғысынан да. Рингте өзінұстауы, ұстауы ғана емес, үстемдік жүргізуі. Мұның бәрін тізе берсек ұзаққакетеміз.

— Сонымен,Сидней олимпиадасының алды, 2000 жыл ғой?

— Әрине, шамасы, Мәскеуде өткен халықаралық турниргекетіп бара жатқан кезіміз. Өзің де көріп отырсың,  Нұржан Кәрімжанов, Данияр Мұңайтпасов, БекзатСаттарханов 1999  жылы өткен дүниежүзілікжарысқа қатысқан жоқ. Негізгі құрамнан енді орын алған кездері. Жеке-жеке айтыпөтетін болсақ, түрегеп тұрғандардың сол жағынан санағанда біріншісі – іскеразамат. Бізге қолдау көрсетіп жүретін. Оның қасында жыл бұрын  әлем біріншілігінің  қола жүлдесін алған, Атлантада қола  медаль иегері атанған Ермахан Ыбырайымов. Сәлартта жастар арасындағы жарыста талайды мойындатқан Бауыржан Қайырменов, соданкейін біз шығармыз, қасымдағы Александр Апачинский, тілші Байзақ Асылбек, оданкейін Данияр Мұңайтпасов, Даниярдың жанында Нұржан Кәрімжанов, Нұржаннан кейінОлжас Оразалинов тұр. Одан кейін сол кездегі бала тілші Телжан Күдеров. Төменгіқатарда бірінші – Юсуп Шамузов, қасындағы Бекзат Саттарханов, содан кейінгі –команда бастығы  Игорь Жылқыбаев, әлемчемпионы Болат Жұмаділов. Ал Болаттың жанында сол Жұмәділов Хьюстонда топжарған кезде жақыннан таспаға тартқан менің інім.

— Русланкетіп, Нұржан келіп жатқан кездер ғой?

— Иә, өзің де куә болдың, 1999 жылға дейін Руслан Мусиновешкімге дес бермей, енді оның орнын Нұржан Кәрімжанов басты. Азия чемпионыНұржан Сманов үлкен спорттан кетіп, Данияр Мұңайтпасов негізгі құрамға ілінді.Бақтияр Тілегеновтің орнына Бекзат Саттархановты қойдық. Былай қарағандаолимпиада алдында үлкен өзгеріске ғана емес, тәуекелге де барыппыз ғой. Солкезді еске алсақ, нағыз бәсекелестер жүріпті оқу-жаттығу жиынында. Өзім атапөткен Бауыржан Қайырменов та талантты спортшы болатын. Дегенмен Ермаханды аттанаудару оңай ма? Өкшесін басып келе жатқан келесі боксшының тынысын байқағанЕрмахандар одан сайын жаттығуын ширатып, босаңсуға себеп таппайтын. Сәл солғынсоқсаң, кемшін тартсаң орныңды беруге тура келеді. Біздің бағымызға сол кездеәр салмақта үш-төрт нағыз мықты боксшыдан келетін. Қай-қайсысына да сенімартуға мүмкіндік бар еді. Бекет Махмұтовтың мықтылығы десек те жарасады, тұтасреспубликаның маңдайалды жігіттерін боксты дамытуға шақырып, бәріне бағытберіп, осы шаруашылықтың жұмысын өрге жүзгізді. Фотоға қайта оралсақ,Мәскеудегі жарыс бізге аса қажет еді.

— Айтарыжоқ, қазақтың бағына туған, маңдайына біткен Бекет ағамызды Алла тағаларақымына бөлесін, тағы сол Махмұтовты еске алуға тура келеді. Бекзаттардыңолимпиада ойындарындағы мүмкіндігін екшеп, мейлінше сарапқа сүйенген Бекет ағажасыл құрлық алдында Бекзат Саттархановты Сервин Сулеймановқа қайта салудыаңсап жүретін. Мәскеуде өтетін турнир тура сол –  іздегенге сұрағанның көрінісі.

— Негізі, Сервинді бокс мамандары өте жақсы бағалады. Ол ОртаАзия мектебінің түлегі. Өзбекстанда туған, Тәжікстанда тұрған. КейінИвано-Франковцкіге көшті. Солақай. Рингте әбжіл. Қарсыласын жақын жолатпайды.Өзі төпеп алып, тайып тұрады. Аргентинада өткен жастар арасындағы әлемчемпионатының финалында біздің Бекзатты ұтты. Бекет аға айтатын, «ЕгерСаттарханов Сиднейге еш алаңсыз, еркін барсын десең, ретін тауып Сервинмен тағыбір жұдырықтастырып алу керек», – деп. Ресей шақырған, Украина мен Өзбекстанжәне біз қосылатын жарыс ше? Үздік төрттік турнирі шыға келгенде сондай біржекпе-жектің сәті туғанын ұқтық. Бекзатқа әбден түсіндірдік, болашақжеңістердің баспалдағы тап сол Сулеймановпен өтетін жекпе-жек екенін.

— Бекзатбарын салды. Сервиннің есін шығарды. Күтпеген жерден таяқ жеді және содан оңалаалмаған секілді...

— Шынында да, Бекзат өзінің мықтылығын паш етті.Ұмытпасам, 10:4 есебімен ұттық-ау деймін. Алты ұпай арасалмақ аз ба, Сулеймановтыңбапкерлері қайран қалысты. Жалпы, сол кезде Еуропа Сервинді ең талантты боксшыретінде таныған. Тіпті Сидней олимпиадасында жүлде алады деп сенді.Саттархановтан ұтылған соң, әуесқой бокста алысқа шаппады. Мысалы, Австралиядаөткен олимпиада ойындарында іріктеу сындарында шегінді.

— Сервинөзін жастар біріншілігінде мойындатты дейміз. Жалпы,  Аргентинада өткен әлем біріншілігі қазақбоксының даму жолы дұрыс екенін дәлелдегендей болды.

— Әрине. Серік Елеуов чемпион атанды. Бекзаттың күмісжүлдегер екенін ескерттік. Ең ауыр салмақта Павел Старажук екінші орын алды. Ал48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аман Батырбаев, 71 келіде БауыржанҚайырменов, 81 келіде Олжас Оразалиев дүниежүзілік жарыстың қола жүлдегерлеріатанды.

— Мәскеугеқайта оралайық. Фотоны еске алып отырмыз ғой. Мұқтархан да топ жарды.

— Ділдәбеков Сидней олимпиадасының қарсаңында кемелінекелді. Тіпті одан сәл бұрын, 1998 жылдан бастап шеберлігі толысты. НұрғалиСафиуллиннің ерекше еңбегі сіңді. Өзге бапкерлер де барынша жұмыс істеп,боксшының бойындағы бар қасиетін аша түсті. Соққысы түзелді. Тактика таңдалды.Ташкентте өткен Азия біріншілігінде жақсы өнер көрсетті. Мәскеуде де мықтышықты. Финалда Ресей боксшысы Алексей Лезинмен кездесуі керек еді. Ол шықпайқойды.

— Еске түсіпжатыр, орыс басылымдары әжуалап мақала жазды. «Мұқтарханнан қаймыққан Лезингеқандай қолғап қажет еді?» деп.

— Қолғап дегенде, Лезин қолын ауыртып алған секілді.Жартылай финалда киген бокс қолғабы қолына жақпай… Мүмкін, басқа да сырыболған шығар. Қысқасы, Ділдәбековпен шығуды қаламады. Оны түсінеміз. Сиднейолимпиадасының алдында мықтымен күш сынасу қауіпті. Лезин соны да ойлаған шығар.

— Алексей Лезин1997 жылы әлем біріншілігінде Куба қабыланы Рубалкабадан таяқ жеді. Бостандықаралының боксшысы орыс спортшысын ұрып жықты. Мұқтархан Азия ойындарындаРубалкабадан кем түспейтін таудай боксшыны баудай түсіріп еді.

— Әрине, бапкерлер бәрін де ескереді. Құлаштап ұратынқазақ боксшысы дәл сол Мәскеу кешінде Лезиннің осал тұсын табар да еді, бәлкім.

— АлександрМалетин мен Нұржан Кәрімжанов арасындағы жекпе-жекті де көрдік.

— Ол күні Нұржан ұтылды. Оны мойындау керек. Малетинмықты жігіт. Кәрімжанов қайтқан жоқ. Жұдырыққа жұдырықпен жауап беріп дегендей,барынша қарсылық көрсетті. Бірақ жас кезі, тәжірибе жетпеді. Кем түскен жерінөзі де біліп алды.

— ЕсесінеЕрмахан Андрей Балановты әдемі жеңді.

— Айтып отырмын ғой, ол кезде Ермаханға дәл сол 71 келісалмақ дәрежесінде дес беретін спортшы жоқ еді. Баланов болсын, басқасы келсін,оңай ұтатын дәрежеге жеткен кезі. Қазір айта беруге болатын шығар, сол кезде тілмен көзден жасқандық. Егер Ыбырайымов Сидней олимпиадасында алтын медаль алаалмағанда, өзегімде үлкен өкініш қалып қоятын еді. Одан кейін тіпті меніңбокста қалуым екіталай болар ма еді. Аллаға шүкір дейміз. Бабы келіскенЕрмаханның бағы да жанды.

— СуреттегіДанияр Мұңайтпасов пен Олжас Оразалиевтен де жұрт үміт күтті.

— Шынын айтайық, екеуі де Сидней олимпиадасында медальғажете бере сүрінді. Олжас аргентиналық Уго Гарайды оңай ұтты. Содан кейін Кубабоксшысы Исаэль Алваресті техникалық нокаутпен жеңді. Исаэль әлем біріншілігініңқола жүлдегері еді. 1998 жылы Ізгі ниеттер ойынының алтын медалін иеленген.Олжас 20 жаста. Сонда да қаймыққан жоқ. Қарсыласының сол көзінен салып қалып, Алварестүк көрмей қалды. Барлық маман біздің жігітті мақтап, «ширек финалда өзбек СергейМихайловты жеңесіңдер» деп жатты. Іштей өзіміз де сезіп тұрдық. Тәжірибе,мінез-құлық дейміз. Куба боксшысын үш раунд бойы сабаған Олжасым қолда тұрғанолжадан айырылды да қалды. Есі шығып кетті ме, Михайловтан өте алмады. Кеміқола жүлдегер атанар еді.

— Даниярдыңда қарқыны жақсы еді, ширек финалға дейін ширақ қимылдады.

— Айтары жоқ. Ә дегенде Намибия спортшысы Паулус АлиНуумбебені айқын басымдықпен ұтты. Одан кейін Италия үміт артқан ЛеонардБундумен кездесті.

— Бундудыбілеміз, Хьюстонда жақсы өнер көрсетті. Куба өкілі Хуан Эрнандес Сьеррадан ғанажеңіліп, қола медаль алған.

— Ол жекпе-жекті көрдің. Бунду пәлендей ұтылған жоқ.Қазақстан құрамасы Сидней олимпиадасының алдында Италия боксшыларымен біргежаттықтық. Соның жемісі шығар, Данияр азулы қарсыласын әбден зерттеп алды.Рингке шыққанда да еш абыржыған жоқ. Бірнеше ұпай алға шығып, шашасына шаңжұқпайтынын дәлелдеді. Айқын басымдықпен жеңіске жетті. Енді ширек финалда.Қарсыласы – украиналық Сергей Доценко. Шамасы келіп тұр еді. Бір ұпай жетпейқалды: 7:8 бе, 8:9 ба – екінің бірі.

— Бәрі баққада байланысты шығар.

— Солай дейміз, әрине. Өзің фото жолдаған соң, ескетүскенін айтып жатырмын.

— Тарихтаншым-шымдап сыр тартқан қандай жақсы, Юсуп досыңыз да бар екен...

— «Менің атым Қожа» фильмінде қойшының баласы Дәулеттіойнағаны қазір көп айтыла бастады. Негізі, мықты дәрігер. Сыртта оқып келді. Ондаймаман қажет еді. Шақырдық, қазақ боксына қызмет жасады. Еңбегі сіңді. Марқұмақкөңіл болатын.

— Бірсуреттің өзінен осыншама сыр ақтарылды. «Өткен күнде белгі бар» деген осы.Әңгімеңізге көп рақмет.    

АмангелдіСЕЙІТХАН

Тегтер: