16.05.2019, 18:47
253
Шығыс Қазақстан облысының Глубокоеауданына қарасты Степной кентіндегі тұрғындар ең қымбат суды тұтынып отыр. Тіршілікнәрінің бір текше метрі 264 теңге 33 тиын. Осыған наразы болған жұрт құны минералдысудан да асып кеткенін айтып, талай шағымданған екен. Бірақ, бір нәтижесіболмай-ақ қойыпты.
Кенттегі Надежда КОНДРАШОВА кейуанаай сайын су үшін 5-6 мың теңгеге дейін төлейтінін айтып кейіп отыр. Зейнеткерзейнетақыдан зейнетақыға дейін, азын-аулақ ақшасын тиынына дейін санапкүнелтеді. Алатын азық-түлік пен дәрі-дәрмегі бар. Өзге де шығындарына қосылғанбұл қымбатшылық қажытып, қалтасын әбден қағып біткеніне налиды.
Надежда КОНДРАШОВА: — Ауылда тұрған соң, қолымыздааздаған малымыз бар. Ет пен сүтсіз өмір сүру қиын екенін білесіздер ғой. Қорадағымал мен бау-бақша да сусыз өспейді. Өзіміздің тіршілігімізге судың қаншалықтықажет екені айтпаса да түсінікті. Міне түбіртекті қараңыз! Ал осы қымбатсуымыздың сапасы жаман. Ішетін суды Өскеменнен тасып ішеміз. Кейде дүкенненсатып аламыз. Бұл қосымша шығын.
Ауылдың өзге тұрғындары да бұл қымбатсуды іше алмайтындарын айтты. Қымбатқа түсіп, қимағандықтан емес әрине.Жарамсыздығынан – дейді. Мәселелерін ауыл әкімінен бастап, құзырлы органдардыңбәріне хат қылып жазып, талап-тілектерін жолдаған.
— Ауылымыздың әкімі мүлдем жоламайды. Халықтың қамын ойламайды. Судыңбағасы 264 теңге. Осы қысып тұрған қымбатшылықты өзіміздің әкімге айттық та, жаздықта. Аудан әкіміне де жаздық. Облыстық прокуратураға да жаздық. Арызымыз міне.Қаншама адам қол қойды. Ешқандай шешім жоқ. Енді міне қайтерімізді білмейотырмыз –дейді,Степной кентінің тұрғыны Қабизолда ҚОҢЫРБАЕВ.
Осылайша, су бағасына сұраусалған жергілікті халық ауыл әкімі бір қарекет етсе игі еді – дейді. Өкінішке қарай,ол өтінішімізді орындап, мұңымызды тыңдайтын басшы болмай тұр деп өкінген, кенттұрғыны Асия АРАЦЕВА: — Мен алты ретжиналысқа бардым. Ешбірене әкім қатыспады. Қайда екенін сұрасақ демалыста дейді. Немесе жиналысқа кеткендейді. Кейде ауырып қалған дейді. Әйтеуір сылтау көп. Ал жиналыста айтылғансөздерді хатшысы жазып отырады. Олай болса әкімнің орнына хатшысын сайлайық.Бізге көрінбейтін, халықты менсінбейтін әкім кімге қажет?! Ауылымыздың жағдайыкүннен-күнге құлдырап барады. Жолымыздың түрі мынау. Облыс орталығы Өскеменқаласының іргесінде тұрсақ та өркениеттен қалып барамыз – деді.
Глубокое ауданына қарасты бұлкентте аурухана мен мектеп, мейрамхана және 82 үй бар. Ауылдағы үш үйдің суүшін берешегі 400 мың теңгеден асып кеткен соң, олар судан мүлдем ажыратылыпты.Су жеткізуші мекеме басшысының айтуынша, бағаны манаполияға қарсы комитет бекітеді.Өзге елдімекендер секілді мемлекеттен берілетін демеу қаржыны (дотация) алаалмайды. Оған су жүйелерінің құжаты жоғалып кеткендігі себеп болған. Сондықтан өтінішбере алмай, баға осылай қымбат болып тұр екен.
— Электр энергиясы мен жөндеу жұмыстарына кететін шығындарбар. Өзімізде техника жоқ. Бір жерде апат болса қажетті техникаларды жалдаймыз.Олар бұрын сағатына бес мың теңге алатын. Қазір он мың теңгеге дейін алады. Алапат болған бір жердегі қалпына келтіру жұмыстары кем дегенде бес-алты сағатқадейін созылады. Енді есептей беріңіз. Жұмысшылардың жалақысы да бар. Электрэнергиясының дұрыс берілмеуінен су соратын құралдар да тез істен шығады. Бәріқымбаттап барады. Міне бұл бекітілген баға осылардың жиынтығынан шығып отыр, –дейді жеке кәсіпкер Виктор КОЗЛЕНКО.
Кәсіпкер былтырғы жылы өзісумен қамтамасыз ететін Степной мен Ушанов ауылдарында жетпістен астам жердеқазу жұмыстары жүргізілгенін де жеткізді. Ал тұрғындар жөндеу жұмыстарынжүргізгендерді жиі көрмедік – деген, уәж айтуда. Бар сұрағандарынанбайқағанымыз жалғыз ғана өтініш. Жағдайды бұдан әрі қиындатпай, қымбатшылықтыңбір шешімін тауып берсе болғаны.
Фотолар автордікі.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР