Сүйек сорпасы несімен пайдалы?

Атауы бөлек болса да, пайдасы орасан зор сорпа жайлы не білесіз?
Сүйек сорпасының құрамында ағзаға керектінің бәрі — ақуыз, дәрумен, калий, магний, фосфор сияқты түрлі минерал, 19 түрлі аминқышқылы бар. Сорпа иммунитетті көтереді, буыны ауыратын адамдарға оң әсер етеді, ішек жолын тазартады. Адамның ішек жолы дұрыс болған соң, шашының да, бетінің де, асқазанының да күйі жақсы болады. Сүйек сорпасын рационына тағам өнімін қосқан тоғыз айлық баладан бастап, тоқсандағы қарияға дейін ішуіне болады.
2 сағаттан 18 сағатқа дейін ұзақ қайнату нәтижесінде дайындалатын сүйектердің құрамындағы дәнерер тіндері мен сүйек кемігі бай сұйықтықты құрайды. Сүйек сорпасын пайдалы сусын ретінде пайдаланатындар оны неғұрлым ұзақ пісірсе, соғұрлым қоректік және пайдалы болады деп санайды.
Витамин, коллаген, аминқышқылы
Дәрігерлер қайнатылған сүйек сорпасында көптеген қоректік заттар бар екенін растайды.
Терапевт дәрігердің айтуынша, жануар сүйектерінің құрамында адамның сүйектерін нығайтуға қажетті кальций, магний, калий, фосфор бар. Дәнекер тінінде глюкозамин мен хондроитин деген сүйектің жағдайын жақсартатын қажетті қоректік заттар. Сонымен қатар, шеміршектің құрамында коллаген бар, ол пісіргенде желатинге айналады және бірнеше маңызды аминқышқылдарымен қамтамасыз етеді. Бұл ретте сүйек кемігінде А, В2, В12 және Е дәрумендері, сондай-ақ омега-3, омега-6 май қышқылдары бар. Сонымен қатар, кальций, темір, селен және мырыш микроэлементтері бар.
Сүйек сорпасы кімдерге ұсынылады?
Сорпа әсіресе құрамында коллагеннің болуына байланысты терінің қартаюына алаңдайтын әйелдерге ұсынылады.
«Сүйек сорпасын ұнататындар үшін терінің сұлулығы мен жастығы үшін коллагенді қосымша қабылдаудың қажеті жоқ - бұл тағамда оның көп мөлшері бар», - деп түсіндірді диетолог-маман.