Светлана Алексиевич әлемнің озық елу ойшылының қатарына кірді

Беларусь жазушысыСветлана АЛЕКСИЕВИЧ әлемдегі топ-50 ойшылдың қатарына кірді. Бұл туралы «ЖасАЛАШ» nn.byсайтына сілтеме жасап хабарлайды.
prospectmagazine.co.ukқұрған тізімге біздің өмірімізді өзгерткен ғалымдар, философтар мен жазушылар кірген. Солардың қатарында Нобель сыйлығының лауреаты СветланаАЛЕКСИЕВИЧ те бар.
Британдық журналдыңжазуынша, 2015 жылы Нобель сыйлығын алған Светлана Алексиевич деректі прозаарқылы Швед академиясынан сыйлық алған тұңғыш жазушы.
Светлана Алексиевич1948 жылы Украинаның Станиславов қаласында дүниеге келген. «У войны не женскоелицо», «Цинковые мальчики», «Чернобыльская молитва», «Время секонд-хэнд» аттышығармалары әлем оқырмандарына таныс.
1983 жылы АлесьАДАМОВИЧ пен Василь БЫКОВТЫҢ ұсынысымен КСРО жазушылар одағының мүшесі атанды.2000 жылдары Италия, Франция, Германияда өмір сүрген. Жазушы Қырымның Ресейқұрамына өтуі мен Украинаның шығысындағы соғысқа РФ-ның президенті ВладимирПУТИНДІ айыптаған.
Фото: womo.ua