Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:55

Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды

Светлана Жақыпова
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Светлана Жақыпова  2023 жылы Қазақстан Президентінің жанындағы әлеуметтік осал санаттардың құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалып, сол жылдың қыркүйек айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне кірісті. 2024 жылғы 6 ақпанда қайта тағайындалған болатын.

Ресми ақпаратта министрдің қызметтен босатылу себебі көрсетілмеді.

Айта кетейік, Светлана Жақыпова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған кезеңде бірнеше мәрте қоғамдық дау ортасында қалды. Әлеуметтік төлемдерді қысқарту, декреттік жәрдемақыларды шектеу, тұрақты тіркеуі жоқ азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақы төлеуді тоқтату жөніндегі ұсыныстар қоғамда кең сынға ұшырады. Сондай-ақ ардагерлер мәртебесіне қатысты айтылған мәлімдемелері бірқатар ардагерлер ұйымдарының наразылығын тудырып, кей топтар министрдің отставкасын талап еткен болатын.