Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:10, 10 Наурыз 2022

Сыбайлас жемқорлықтан азат қоғамға

None
None

Қоғам өзегіндегі жегі құрттың бірі – жемқорлықты жою, оның себебіне үңіліп, салдарымен күресу күн тәртібіндегі үлкен мәселе.

Жемқорлық әсіресе меморгандар қызметінде көптеп кездесетіндіктен онымен күреске қоғам болып жұмылу нәтиже бермек.

Кеселмен күресте идеологиялық-ақпараттық әдісті қолдану тиімді. Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау үздіксіз жүргізілумен қатар әрбір азаматтың әлеужелі арқылы жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізеді. Сондай-ақ ойы орамды, абырой-беделі бар азаматтардың пікірі де негізгі арқауға жатады.

Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізген әлеуметтанушылар, тұрғындардың сыбайлас жемқорлық жағдайымен кезікпегендері бұл жағдайды бастан өткергендерге қарағанда әлдеқайда көп екенін анықтаған. Сондай-ақ маңызды әрі жедел проблемасын шешу үшін пара беретіндерге қарағанда, сыйақы бермейтіндер үлесі де молырақ екен.

Жалпы идеологиялық жұмыс, ақпараттық насихат – көзге көрінбейтін, нәтижесі ешқандай өлшем бірлікпен өлшенбейтін, бастысы – уақытты талап ететін сала. Дегенмен азаматтарды жемқорлықтан аулақ болуға, пара алмауға, пара бермеуге үндеу, оның соңы қандай келеңсіздіктерге апаратынын көрсету, айту арқылы алға жылжимыз. Біреудің қателігінен екінші адамның сабақ алуына, оны қайталамауға тырысуына насихаттық күрес арқылы қол жетпек. Бұл реттегі жұмыстарды ұйымдастыруда түпкі мақсатты көздеп, нәтижеге ұмтылу керек.

Ұрпақтың рухын, берік әрі кемел қыламыз десек, кез келген салада еңбек етіп жүрген әрбіріміз жемқорлық жағдайына жанымыздың төзбейтіндігін көрсетуіміз қажет. Бұл орайда бірінші орынға жеке мүдде шықса, онда ұрпақ алдындағы аманат орындалмай қалады. Жалпы адалдық, ашықтық, жауапкершілік – бұл сыбайлас жемқорлықтан азат қоғамның басты құндылықтары. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру – ұзақ мерзімді процесс. Бірақ жеке деңгейде әрқайсымыз оны өте тез жасай аламыз. Ең бастысы – ниет пен ерік.

Бүгінгі азаматтық қоғам ашық және белсенді. Мемлекеттік органдардың жанындағы қоғамдық кеңестермен бірге арнайы мониторингтік топтар мемқызметтердің сапасын арттыруға айтарлықтай үлес қосуда.

Мәселен, фронт-кеңселері бар сервистік әкімдіктер, Digital Agent және «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» it-өнімдері кез келген адамға мемлекеттік сервисті жақсартуға және ұялы телефон арқылы бюджеттің шығыстарын, құрылыс сапасын, жолдар жөндеуін бақылауға теңдесі жоқ мүмкіндік береді.

Бизнес-қоғамдастық та айтарлықтай дамып келеді. Бизнесті және инвестицияларды қорғауға арналған Protecting Business and Investments жобалары да парасыз – адал бизнесті жүргізуге міндеттеме алды.

Ал өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты дамыту үшін еліміздегі барлық мектептерде «Адал ұрпақ» клубтары ашылды. Колледждер мен жоғары оқу орындары деңгейінде академиялық адалдық қағидаларын және олардың қызметінің ашықтығын нығайтуға бағытталған «Саналы ұрпақ» жобасы бар.

Мемлекет басшысы, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттің ғана емес, барлық азаматтардың міндеті» деген ұғымы әрбір азаматтың түйсігіне сыбайлас жемқорлықпен күресуді сұрайды. Сондықтан әр облыс, қаладағы «Adaldyq alańy» жобасына мемқызметтің сапасын жақсартқысы келетін және сыбайлас жемқорлықты жойғысы келген кез келген ынтасы бар адам қосыла алады. Тек біздің ғана белсенділігіміз жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық науқанға қозғау болары анық.

Тегтер: