Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:47, 02 Шілде 2019

Сынып – класс: Бұл қабылданған шешім!

Жақында ғана Білім және ғылым министрі болыптағайындалған Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ «сынып» сөзінің «класс» болып өзгертілуі –қабылданған шешім екенін айтты.

Бұл туралы sputniknews.kzсайты жазды.

Министртерминдердің өзгеріске ұшырауына қатысты жеке пікірін айтудан бас тартты.Сондай-ақ, бұл қабылданып кеткен шешім болғандықтан қандай да бір түсініктемеберуден бас тартқан.

«Оған қатысты жеке ойымды айтқым келмейді.Өйткені бұл – қабылданған шешім. Сондықтан оны айтпай-ақ қояйын, түсініктемебермей-ақ қояйын», — дейді Аймағамбетов.

Өткен айда ғанаМәдениет және спорт министрі Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА 3300-ден аса терминдердің қайтақаралып бекітілгенін айтқан. Бірақ, министр бұл жағдай қоғамда үлкен шутудырған соң, сөздерді аудару мәселесін халықтың талқысына шығарамыз дегенболатын.

Фото: bestnews.kz

Тегтер: