Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:22, 16 Шілде 2020

«Сыра королінің» соты әлі біткен жоқ

                                                                                                                         

АлТөлешовтен қайтарылған  Фосфоршыларсарайы тозып бара жатыр

Шымкенттеосыдан біраз жыл бұрын «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды» деген аса ауырайыппен сотталып, жазасын темір тордың ар жағында өтеп жатқан Тоқтар Төлешовкеқатысты тағы бір сот процесі аяқталды.

Бұл «сыра короліне» қатысты нешінші сот? Ескетүсіріп көрелік. 2016 жылдың күзінде Астанадағы қылмыстық істер жөніндегісоттың үкімімен «Шымкентсыра» кәсіпорнының құрылтайшысы, әлемдегі «менмін»деген қылмыс әлемінің серкелерімен байланысы бар Тоқтар Төлешов пен оныңсыбайластарына үкім шықты. Басты сотталушы 21 жылға бас бостандығынан айыружазасына кесілді.  Келесі жылы Шымкентқаласы Еңбекші аудандық соты Төлешовті «салықтан жалтарды», «пара берді» дегенайыптармен тағы  соттады. Рас, сот оныкінәлі деп тапқанымен, жазасына мерзім қосқан жоқ. Есесіне соттың үкімі бойыншаол мемлекетке 1 368 587 455 теңге және баж салығы ретінде 41 057 624 теңге төлеуге міндеттелді. 2018 жылдыңқаңтарында құжаттар орындауға жіберілді. Алайда жеке сот орындаушыларының Төлешовке тісі батпаған сияқты. Бір жарымжыл ішінде олар түкті де тындырмаған. Былтыр іске мемлекеттік сот орындаушылары араласып,   Еңбекші аудандық сотына талап арыз берілді.Шілдеде «Дархан Group» ЖШС мүлкін тәркілеу жөнінде шешім шығарылды. Аталғансоттың бізге берген мәліметтеріне қарағанда, «Дархан Group» ЖШС-нің жарғылықкапиталы бойынша 99,9997 пайызы немесе 667 110 000 теңге үлесі Тоқтар Төлешовкетиесілі екені, ал қалған 0,0003 пайызы немесе 2001 теңгесі Н.Досанбаев дегеназаматтың иелігінде екені анықталған.  Тәуелсіз сарапшылар аталған серіктестікте 1 215 442 000 теңгесомасындағы жылжымайтын мүліктің барын есептеп берген.

Сот шешімінен кейін серіктестік меншігіндегі  1 миллиард 215 миллион теңгеге бағаланғанмүліктер мемлекет меншігіне өткен. Оның ішінде аумағы 9812 шаршы метр болатын  Фосфоршылар мәдениет сарайы 5,2 гектаржерімен бар. Мәдениет сарайының мәселесіне кейінірек тоқталармыз,  сотқа қайта оралсақ. 

«Сыра королі» сотталып кеткеннен кейін де Шымкент қаласыныңсоттарына Төлешовке, оның туыстарына қатысты берілген талап арыздар, шығарылғансот шешімдері толастаған жоқ. Талап арызды бірде Төлешовтің тоқалдары, ендібірде сот орындаушылары береді. Соңғы сот шешімі   жақында ғана шығарылды. Соған қарағанда  Төлешов пен жоғарыда аталған «Дархан Group»ЖШС арасында әлдебір түсініксіз ойын басталған сияқты.

Жуырда түрмеде жазасын өтеп жатқан Тоқтар ТөлешовШымкент қаласының экономикалық сотына талап арыз береді. Талап арызында ол  «Дархан Group» ЖШС құрылтайшыларының 2016жылдың 14 қыркүйегінде өткен  жалпыжиналысының шешімін жарамсыз деп тануды сұранады. Осы күнгі жиналыста  серіктестіктің бас директорының міндетінатқарушы А.Туғанбаеваның өкілеттігі тоқтатылып, бас директордың міндетін атқаруВладимир Ан деген азаматқа жүктелген (айта кетері, Төлешовтің өзі бұл кезде қамаудаболғандықтан, жиынға қатыспаған, бірақ оның атынан өкілдік еткен азаматқатысқан көрінеді). Төлешовке осыдан төрт жыл бұрынғы жиналыстың шешімінжарамсыз деп тану не үшін қажет болғаны белгісіз. Белгілісі – сот Төлешовтіңталап арызын қанағаттандырусыз қалдырған. Себебі жиналыс шешіміне шағымданумерзімі өтіп  кеткен. Заң бойыншасеріктестіктің жалпы жиналысының шешіміне шағымдану мерзімі алты айды құрайды.Мұны Төлешовтің адвокаттарының білмеуі мүмкін емес. Біле тұра, сотқа шағымданудыңне үшін қажет болғаны тағы түсініксіз.  

Ал мұның алдында  Төлешовтің жұбайлары мен қыздары Еңбекшіаудандық сотына арызданып, «Дархан Group» ЖШС-інен ала алмай жүрген жалақыларынөндіріп беруді сұранған. Соттың анықтауына қарағанда, серіктестік «сыракоролінің» әйелдері мен қыздарының әрқайсысына 13 миллион теңгеден 26 миллионтеңгеге дейінгі көлемде жалақы қарыз екен. Мәселен, Төлешовтің қызы Севильге «ДарханGroup» ЖШС 20 миллион 685 мың теңге берешек болған. Алайда сот бұл талап арыздыда қанағаттандырусыз қалдырды. Осы жөнінде бізге түсінік берген Еңбекшіаудандық сотының судьясы Қайрат Ізбасаровтың айтуынша, талапкерлер сотқаарызданудың тәртібін сақтамаған. Себебі жалақыны талапкерлер соттәртібінсіз-ақ, нотариустың берген атқару парағы арқылы да өндіруіне боладыекен.

Ал Төлешовтің иелігінен алынған Фосфоршылармәдениет сарайының кейінгі тағдыры белгісіз күйде қалып отыр. Осы мәселенікөтеріп жүрген шымкенттік ақсақал Өркен Әбдіреев жуырда «Жас Алаштың»Шымкенттегі қосынына арнайы бас сұқты. Бізге мәлім болған деректерге қарағанда, мәдениет сарайы сауда-саттыққа1 миллиард 66 миллион теңгемен шығарылған. Ғимарат әзірге өтпей тұр. Ара-тұрақалалық әкімдіктің Фосфоршылар сарайын мемлекетке сатып алып,   ол жерден әл-Фараби орталығын ашу жөнінде жоспарыбары айтылып қалады. Алайда ол құрғақ сөзден әріге аспай тұр.

–      Шенеуніктер осылайша істі сағызша созып жүргенде біркездері қаладағы ең таңдаулы мәдениет ошағы саналатын ғимарат күн санап тозыпбарады, – дейді Өркен ақсақал. 

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ

Шымкент қаласы

Тегтер: