Сырдарияда суға батқан тағы бір адамның мәйіті табылды
Түркістан облысында Сырдария өзенінен суға батып кеткен тағы бір адамның мәйіті табылды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 тамыз күні сағат 10:40-та құтқарушылар қаза тапқандардың бірінің денесін тапты. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері суға кеткен 11 адамның 10-ның мәйітін тауып, судан шығарды. Іздеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, 21 тамыз күні сағат 18:00 шамасында тұрғындардан Сырдария өзенінде бес бала мен алты ересек адамның суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, олар бір әулеттің мүшелері болған,
Төтенше жағдайлар министрлігі өзенге батып кеткен көп балалы отбасының 11 мүшесінің туған жылдарын жариялады. Ведомствоның хабарлауынша, суда қаза тапқан балалардың ең кішісі небәрі төрт жаста болған.