Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:07, 15 Ақпан 2021

Сыртқы істер министрлігі Еуропарламенттің қарарына жауап берді

None
None

СІМ  өкілі Айбек Смадияров Еуропарламенттің Қазақстан адам құқықтарын бұзды делінген қарарын біржақты деп атады.

Ведомство өкілдерінің пікірінше, қарар мәтіні елдегі нақты жағдайды бұрмалайды. 

«Онда Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарына қатысты ахуалға біржақты, объективті емес сын-пікірлер бар деп есептейміз. Біздің пікірімізше, қарардың мәтіні еліміздегі істердің нақты жағдайын бұрмалайды және бұл деструктив топтардың жалған ақпаратын азық қылған бөтен ниетті саясаткерлердің бастамасымен жасалған. Қазақстан адам құқықтары саласындағы өз міндеттемелерін мақсатты және үдемелі түрде іске асырып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев „Халық үніне құлақ асатын мемлекет“ тұжырымдамасына сәйкес кең ауқымды саяси реформаларды іске қосты. Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер Президент бастамашылық еткен реформаларды қолдайтынын ескере отырсақ, Еуропарламенттің бұл құжаты дайындау кезінде пайдаланған мәліметтердің анықтығы күмән туғызады, — деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

»Сондықтан жаңа қарарда «ескі кейстердің» көп жүруі бізді таңғалдырмады, әдетте олар бір құжаттан екіншісіне «көшіп» жүреді. Сондай-ақ, Еуропарламенттің бірқатар мүшесі еліміздің дамуындағы өзекті үрдістерге қатысты оң пікірге қарамастан, ішкі партиялық тәртіп тәжірибесіне сәйкес осы қарарды қабылдауға дауыс бергенін түсінеміз. Объектив еуродепутаттарға алғыс білдіреміз, олардың арқасында резолюцияда Қазақстандағы объектив өзгерістер мойындалды. Атап айтқанда, Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің құрылуы мен қазақстандық биліктің реформалардың жаңа кезеңін жариялауы, яғни, құқық қолдану тәжірибесі, сот жүйесін дамыту және адам құқықтарының басымдығы мәселелері", — деді ол.

Тегтер: