Сырттан сиыр тасығанды қашан тоқтатамыз?
Биыл үкімет шетелден 95 мың бас ірі қара әкелмекші. Сондада етке жарымай отырмыз
Өткен сенбі күні Маловодное ауылындағы (Алматы облысыЕңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылы) мал базарына барғанбыз.
Карантинненкейінгі бірінші базар болған соң ба, баға ұшып тұр. Әдетте 40 мың теңгеге сататынсеміз қойды 70 мыңға көтеріп алған. Жылқының саудасын айтуға тіл күрмеледі.Сауылатын құлынды бие 500-700 мың теңгеге асылып қалыпты. Дене тұрқы орташасеміз бұқа бұрын 250 мың теңге болушы еді, бұл жолғы базарда 350 мыңнан кемінкездестірмедік. Малдың пұл болғаны жақсы ғой. Өзіміз де шаруаның баласымыз.Малдың жайын бір кісідей білетініміз жасырын емес. «Бүкіл дүние қымбаттапжатқанда мал неге арзан?» деп, әкейдің күйіп отырғанын күнде көріп жүрміз. Сондықтанмалдың қымбаттағаны төрт түліктің тұяғын санаған ағайын үшін жақсы жаңалықболып тұр.
Бірақ… Бірақ деп, біздің не айтпақшы болғанымыздысіздер де шамалап отырған шығарсыздар. «Жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіретін»еттен ешкім аянған емес. Өткен базарға тұрқы түйедей қара тоқал бұқа келіпті.Жұрт алды-артына шығып, айланып-толғанып жүр. Құртқа үймелеген құмырсқа дерсіз.Қара бұқаның қалай семіргеніне бәрі аң-таң. Жануар жарылып кетуге шақ тұр.Жонынан бит тайып жығылардай жып-жылтыр. Мал иесі 2 миллион теңге сұрап тұрекен.
– Соншалық қымбат болатындай бұның не артықшылығы бар? –деп жан-жақтан сұрақтың астына алдық.
– Бұл – абердин-ангус деп аталатын етті сиыр. Мұныңартықшылығы – еті. Сіздердің екі сиырыңыздың етін менің жалғыз бұқам береді, –деп көпірді сатушы жігіт. Сол аралықта бір пысық жігіт есепшот қағып, әлгі қаратоқал бұқаның етін есептеп жіберіпті.
– Қанша етті тұқым болса да, бұқаңыз 400 келі ет бередідеп есептесек, сіз сұраған сома шықпайды. Бағасын аспандатпай, лайықтыайтсаңызшы, – деді. Әңгімеге Нарынқолда осындай тоқал сиыр өсірген бір қарияараласты.
– Жігіттер, біз кейде асыл тұқым деп, шетелдің осындаймалына қызығамыз. Бірақ мен өзім бір байдың дәл осындай қара тоқал сиырынбақтым. Қанша жерден ангус болса да, өзіміздің жергілікті малға жетпейді екен.Еті мол болғанымен, дәмсіз. Соғымға сойсаң, бір аптаның ішінде бақанда тұрыпқап-қара болып кеуіп, қайыстай қатып қалады. Ал біздің сиырлардың еті қыстайтоңазытқышқа салмасаң да, кеше сойған малдың етіндей жұмсақ. Содан кейін мұныңетінде сөл жоқ, қанша тұздасаң да, дәмі кірмейді. Мұны ет саудасыменайналысатын адамдар алып, сойған күні базарға шығарып сатып құтылмаса, етітүске кіретіндей ет емес, – деп жиналған жұртты аузына қаратты.
Әңгімеміздің басында үкіметтің шетелден тағыда 95 мың бас ірі қара әкелетіні туралы айттық. Малдың отанында отырып,көшпенділердің атажұртындағы Қазақстанның сиырды шетелден сатып алатыны,шынында, күлкілі. Еуропадан сиыр тасығалы талай қызық жағдай болды. Естеріңіздеболса, 2011 жылы Асылжан Мамытбеков министр болып тағайындала сала «ҚазақстанРеспубликасында мүйізді ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту» депаталатын ауқымды жоба әзірлеп, сол жылы іске қосып жіберді. Сөйтіп, шетелден 72мың бас асылтұқымды сиыр тасудың әуресі басталды да кетті. Ірі қараныөңкілдетіп айдап келген ешкім жоқ, әрине. Буаз сиырларды АҚШ, Канада, Австриясекілді алыс елдерден ұшақпен жеткізді. Оның біразы іш тастады. СолтүстікҚазақстан облысына әкелінген 722 бас сиырдан қауіпті індеттің белгісі байқалып,түгел өртелді. Сатып алуға кеткен шығын былай тұрсын, ауру малдан құтылудыңөзіне қыруар қаржы жұмсалған жоқ па? Қауіпті індеттен сескенген Мамытбековтің мамандарыөртелген сиырларды «арулап көмді». Тіпті ұшаққа мінгенде, тұяғы түгенделген аймүйізді айқасқалардың біразы жерге қонғанда кеміп қалған жоқ па еді? Көкке ұшыпкетті ме, әлде жел көтеріп жоғалды ма, ол жағы жұмбақ күйінде қалды.
Сол кездегі есеп бойынша, Қазақстан 2016 жылдың өзіндеРесейге 60 мың тонна ет экспорттап, ақшаның астында қалуы тиіс еді. Келесі меже180 мың тонна болатын. Бұл межені еліміз биыл іске асыруы тиіс-тін. Қайда сол60 мың тонна ет? Әлі күнге орындалған жоқ. Орындалатын түрі де көрінбейді. Еттуралы айтсақ, әңгімеміз ертегіге айналып кетер. Одан да сиырдың өзінетоқталайық. Жалпы, шетелден сиыр әкелу қаншалықты тиімді жоба? Қазақстанда 2018-27 жылдарға арналған етті мал шаруашылығындамытудың ұлттық бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарламаға сай, шаруа қожалығымал басын асылдандыру үшін міндетті түрде шетелден әкелу керек. «Аграрлық несиекорпорациясы» АҚ мәліметінше, 2019 жылы 65 мың ірі қараны импорттаужоспарланған. Биылғы жоспарды сөз басында айтып өттік.
Малдың жайын баққан білер. Өзімізде барды ұқсата алмай,шетелден мал тасу Мамытбековтің кезіндегі ет жоспарын шеше ала ма? Жалпы, «асылтұқымдымал» деп әкеліп жатқанымыз қандай тұқым? Шетелден сиыр әкелу Қазақстанның малбасын толықтырып, сапасын арттыра ма?
Осындай сауалдарды «Шопан ата» қойшылар қауымдастығыныңтөрағасы Алмасбек Садырбаевқа қойдық. Маман пікірін ауыл шаруашылығы министріСапархан Омаров қаперіне іледі деп сенеміз.
Маманпікірі
АлмасбекСАДЫРБАЕВ:
– Шетелден мал әкелу идеясы, жалпы, дұрыс. Бірақ тазақанды, асылтұқымды малмен бірге, елімізге бұрын-соңды атын естімеген жаман аурукеліп жатыр. Соның кесірінен еліміздің эпизотиялық балансы бұзылды. Мәселен,шетелден келіп жатқан ангус тұқымды сиырдың 300 басынан 150 бұзау алса, шаруасоған қуанады. Негізі, шетелден 20 мың немесе 50, 100 мың долларлық сапалыбұқаларды әкеліп, жергілікті сиырларға соның ұрығын салып, тұқымын алу керек.Еуропаның немесе басқа шетелден келген мал біздің климатқа шыдамайды. Өкпесі күйіпкетеді немесе біздің жемшөпке үйрене алмайды. Біз ірі қараларға бес түрліаурудың екпесін салсақ, шетелде 25 түрлі індеттің екпесін егеді. Демек, олмалдың бойында 25 түрлі аурудың қоздырғышы бар деген сөз. Бізде ондай екпе жоқ.Мұнда келген соң, мал ауырады. Егер жұқпалы дерт болса, өзіміздің малға жұғады.Сондықтан әлемдегі жалпыласқан үлгіге сүйенген жөн. Яғни аналық бас жергіліктітұқым болады. Ал аталық басты тексеріп, саралап шетелден әкелу қажет.
Егер шетелдің ерекше асылтұқымды малынөсіргіңіз келсе, онда эмбрион отырғызыңыз. Өйткені 5-7 күндік эмбрионда ешқандай аурудыңқоздырғышы болмайды. Өте таза болады. Бүкіл әлем осы әдісті мойындайды, сонықолданады. Біз сияқты жүз мыңдап сиыр әкеліп, былықтырып жатқан бірде-бірмемлекет жоқ. Шетелден сиыр әкеліп, байып, малы мыңғырып кеткен бір шаруаныкөрген жоқпын. Бізде тәуекел өте көп. Бірақ ол мал тұқымын асылдандыруғаешқандай үлес қосып жатқан жоқ. Сондықтан өз басым шетелден тірі мал әкеліпөсіруді қолдамаймын. Кейбіреулер шетелден мал әкелу керек деп, асылтұқымды сиыремес, сапасыз тұқым әкеліп, Қазақстанның ақшасын желге шашып жатыр. Бізде дежергілікті таза қанды сиыр бар. Өзіміздің әулиекөл, ақбас тұқымдарымыз қайдақазір? Сондықтан мал шаруашылығын дамыту керек деген қызыл сөзбен ақша шашатынсаясатты тоқтату керек.
Ақтанберді ҚАЛЫБЕКОВ