Сырымбек деген кім еді? «Халық» деп соққан жүрегі
Жылы жымиып, ұлттық мәселені, халықтық дүниені қаузағанда, тыңдарманын сендіре түсетін.
Ісі тындырымды көрінетін. Арагідік қайырымдылықтарын естіп қаламыз. Онысын айқайлап жарнамалап жатқанын тағы байқамадық. Іле-шала Сырымбек Таудың таудай шаруалардың басын қайырып жүргенін аңғардық. Таудай емей немене, жеті мың адамды жұмыспен қамтып отырса, бір өзі оннан астам кмпанияның ісін өрге сүйреп жүрсе...
«Әлемнің алпыстан астам елін аралап шықтым» дегені бар. Құр аралап қоймай, артығы мен кемін бойына, ойына түйіп жүрсе, «Көргені көп» дейтіндей-ақ.
Аталарымыз «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» депті. Сырымбек – көпті көрген. Сондықтан Respublica партиясы пайда болғанда, оның басында Сырымбектің де тұрғанын білгенде, мыңдаған адам соңынан ере жөнелді. Өкініштісі, сол азаматтың сайлауға түсемін деген ниетін әлдебір құжаттардың сәйкес келмеуі быт-шытын шығарды. Бірақ шеттетілдім деп, шегінген Сырымбекті көрмедік. Партияның мұраты үшін өршеленіп ұмтылды. Өйткені, елге қызмет етудің бір жолы – осы.
Respublica партиясы өкілдері қазірдің өзінде 18 өңірді аралады, 6 мыңға жуық кездесу өткізді, аймақтардағы маңызды мәселелерді тыңдап, оларды шешу жолдарын ұсынуда. Ұсыныстары құлаққа кіреді, көңілге қонады. Сондықтан да халық қолдауда.
Жалпы, Respublica көшбасшыларының қай-қайсы да осал емес, жанып тұр. Соның ішінде Сырымбек Таудың үш идеясын жадымызға түсіріп көрсек. Бірде құмар ойындарға тәуелділік мәселесін көтерді. Өйткені, жыл сайын мыңдаған адам осы құмарлықтан отбасын ойрандап, қиындықтарға тап болып жатыр. Өз-өзіне қол салғаны қаншама! Қорқынышты сан! Қазақстанда орта есеппен 350 мың ойыншы бар екен. Шайқалған шаңырақтардың 10-нан 7-сіне құмар ойын кінәлі.
Сырымбек Таудың айтуынша, осы мәселенің бәрі букмекерлік кеңселердің заңсыз жарнамаларының кесірі. Ол Қазақстандағы барлық букмекерлік кеңселер мен құмар ойындардың насихатын заңмен шектеуді ұсынады.
Кездесулерде Тау көтеріп жүрген тағы бір мәселе – халықтың сауаттылығы. Сырымбек осыған дейін әлеуметтікк желі арқылы халық арасында түрлі жобаларды атқарған. Соның бірі – былтыр ұйымдастырған «Кітап оқып, ақша тап» жобасы. 800 мың қазаққа кітап оқытты.
«Ал адамдар бастамаға қатысуға өтініш толтырған кезде, 23 мыңнан астамы тегі мен аты-жөнін қате жазды. Бұл – елдегі сауаттылықтың көрсеткіші», — деп қамығады ол.
Қытайда аты-жөнін жаза алмайтындар көп екен деп күлуші едік, басымызға келмесе, игі.
Дәл осы жағдай, елдегі білім беру саласының кемшіліктерін су бетіне шығарды. Партия сайлауалды бағдарламасында білім саласына жасалатын реформаларға арнайы тарау арналған.
Одан бөлек, Тау үнемі айтатын ауыл мен қала проблемасы. Аймақтардағы кездесулерде де осы тақырып төңірегінде сұрақ қоятындар көп.
«Біздегі ауыл мен қала арасында үлкен алшақтық бар – білім, жалақы деңгейі, білікті мамандардың саны, интернетке қолжетімділік, жылу, су – барлығында алшақтық бар. Біз бұл әділетсіздікті жойғымыз келеді», — дейді Сырымбек Тау.
Дегеніне жетсе, біздің де жетіскеніміз!
Тапсырыс беруші: Құспеков Олжас Хайроллаұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын
сайлаудағы «Respublica партиясы» ҚБ Сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.