Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:38, 19 Қараша 2019

Т.Әбдіковтің «ӘКЕ» повесі – «Көкжиекте»

Көркем шығарманың мақсаты – оқырманды адамгершілік – эстетикалық тұрғыдантәрбиелеу.

  Әдебиеттің ұлт үшін, ұрпақүшін маңызында дау жоқ, осы тұрғыдан алғанда, ұлт болашағы —  қалам ұстаған әдебиетші жастарда. «КӨКЖИЕК»ғылыми-шығармашылық клубының мақсат-тілегі де осы.  Осы ізгі мақсатын үздіксіз жүзеге асырып кележатқан клуб айына екі мәрте оқырмандар конференциясын өткізеді. Конференциямақсаты – әдеби шығарманың мазмұнынан бастап, көркемдігі, композициясы, идеясынанталдау, жазушы лабороториясына бойлау. Қатарына 1 курс студенттерін қосқанклубтың осы оқу жылында талдаған тағы бір шығармасы көрнекті жазушы Т.Әбдіктің«ӘКЕ» туындысы болды.

Көркем шығарманы талдау оқырманды жазушымен қауыштырады, дербес ойлауға,әдеби талқыға жетелейді. Клуб конференцияларында шығарма талдау барысында әдеттеЗ. Қабдоловтың «Сөз өнері» оқулығындағы әдеби талдау қағидаларына сүйенеді. «ӘКЕ»повесін талдау кезінде де осы үрдіс сақталып,  алғашқы кезеңде шығарма тақырыбы мен идеясы сөзболды. Одан әрі композициялық талдауға ұласқан конференцияда шығармадағы әрдеталь талданды.  Жазушы тілінің көркемдігі,шығарма поэтикасы да қарастырылды. Келесі кезеңде кейіпкерлер бейнесі арнайысөз болды. Шығармадағы әке образы  жөнінде студенттер ерекше толғанысқа берілді.Перзент көзімен қарағандағы Әке бейнесі, әке қадіріне жетпеу, әкеге дегенсағыныш мотивтері студенттерге  ерекшеәсер етті. Осы сезімдерді өз басынан да өткізгендей әсермен көзіне жас алғандарда болды.

Ерекше талқыға түскен мәселе – повестегі тарихи оқиғалар тақырыбы, автордыңтарихи оқиғаларды  жеке адамның көзқарасыарқылы жеткізу тәсілі.   Бұл мәселепікірталасқа ұласты, қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдер жөніндекейіпкер аузынан айтылатын шынайы әңгіме жастарға үлкен ой салды. Қорытынды  кезеңде әр студенттің шығармадан  алған әсерін айтуына мүмкіндік берілді.

Қорытындылай келе, филология және әлем тілдері  факультетіндегі «Көкжиек» ғылыми-шығармашылықклубының талдаған бұл шығармасы конференция қатысушылары үшін рухани демалысболғандай. Сол кезде де, осы заманда да қасиет, маңызын жоғалтпаған «Әке»шығармасы -  оқырман үшін мазмұн-мәнітерең туынды. Тек оны талдай білетін әдеби білігі бар жастар, олардың бастарынбіріктірер әдеби орта азаймаса дейміз!

Л.Мұсалы,  ҚазҰУ-дың оқытушысы,

Е. Біләл, ҚазҰУ-дың  студенті

 

Тегтер: