Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:43, 04 Шілде 2024

Таеквондодан Қазақстан командасы шешуші дайындық кезеңін өткізді

h
Фото: ҰОК

Таеквондодан Қазақстан командасы Италияның Ливиньо қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Олимпиада комитетінің мәліметінше, аталған жиында спортшылардың физикалық дайындығын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Жаттығу жиынына Париж Олимпиадасына жолдама алған спортшылар Батырхан Төлеуғали мен Сомирхон Абабакиров те қатысып жатыр.

Айта кетелік, бұл жиын Олимпиада қарсаңындағы шешуші дайындық кезеңдерінің бірі саналады.

Тегтер: