Тағы екі өңірде ҰҚКД басшылары тағайындалды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай, Қызылорда облыстары және Байқоңыр қаласы бойынша департаменттерінің жаңа басшылары тағайындалды.
Ақпаратты ҰҚК баспасөз қызметі растады.
ҰҚК-ның Қостанай облысы бойынша департаментін Дуанбаев Айбар Аманбекұлы басқарады.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментін Қалмұрзаев Болат Аюбайұлы басқаратын болды.
Бұған дейін Алмас Наймантаев Алматы облысы бойынша ҰҚКД басшысы, ал Нұрлан Кәрібжанов Жамбыл облысы бойынша ҰҚКД басшысы болып тағайындалғаны хабарланған болатын.
Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.