Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:05, 24 Желтоқсан 2021

Тағы жымқырды, 28 миллион теңге ұрлаған шенеунік пен кәсіпкер сотталды

None
None

Алматыда 28 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, — деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.

Ведомство мәліметінше, бұған дейін Түрксіб ауданының абаттандыру бөлімі «Аstana-Құрылыс ХХI» серіктестігімен 71 миллион теңгеден аса сомаға келісім жасасқан. Бұл қаржыға мердігер «Бас Қарасу» өзені арнасын қалпына келтіруі керек болған.

«Алайда 2019 жылдың тамызынан қыркүйегіне дейін жобаға бөлінген соманың 28 миллион теңгесі ұрланған. Мұны мердігер компания басшысы аудан әкімдігі шенеунігі көмегімен жасаған. Қылмыс атқарылған жұмыс актілеріне көрінеу жалған мәлімет енгізу арқылы жасалған», — деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері.

Тегтер: