Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:47

Таиланд пен Камбоджа басшылары Малайзияда келісімге келмек

Камбоджа
Фото: БАҚ

Дональд Трамп екі елдің басшыларымен сөйлесіп, келіссөзге келуге үндеді.

Сөзінше, келісімге келмейінше, АҚШ сауда қатынастарын тоқтатады.

Еске салайық, Таиланд пен Камбоджа шекарасында қарулы қақтығыс болды.

Салдарынан 12 адам қаза тапты. Қарулы қақтығыс 23 шілде күні таңда басталған. Бұл жанжалға екі тарап та бірін-бірі кінәлап отыр.

Таиланд әскерінің мәліметінше, Камбоджа даулы аумақта орналасқан Та Моан Том ғибадатханасының маңындағы аймақта оқ жаудырған. Ал Камбоджа қорғаныс министрлігінің өкілі әскердің өзін-өзі қорғау үшін жауап бергенін айтты.