Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:24

Таиландта Қазақстанның 8 азаматы мінген қайық апатқа ұшырады

1
Фото: скриншот

Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Пхукет маңындағы Андаман теңізінде туристік қайық пен балық аулайтын кеме соқтығысып, салдарынан қайық аударылған.

 Апатта 18 жастағы ресейлік қыз қаза болды.

Қайықта 8 Қазақстан азаматы болған, олардың 3-еуі ауруханаға жеткізілді, қазіргі жағдайлары тұрақты деп бағалануды. Барлығы 55 адам (52 турист және 3 экипаж мүшесі) қайықта болған, шамамен 21-23 адам әртүрлі жарақат алған.

Оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

Тегтер: