14:23, 03 Қыркүйек 2023
Тайландта 18 жастағы қазақстандық қаза тапты
3 қыркүйек күні таңертең Таиландтағы Най Янг жағажайынан 18 жастағы қазақстандықтың мәйіті табылды.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаға қатысты ақпаратты растап, бұдан бұрын 1 қыркүйекте жас жігіттің жоғалып кеткені және оның Қазақстан азаматы болуы мүмкін екені туралы ақпарат түскенін хабарлаған. Тергеушілер бұл қайғылы өлімнің мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізеді.
«Таиландтық құтқарушылар екі күндік іздестіру жұмыстарынан кейін 2005 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты. Марқұмның ата-анасы Пхукетке жетіп, ертең оларды анықтау рәсіміне қатысады», — делінген хабарламада.
Турист жоғалған күні басталған іздестіру-құтқару жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты, күшті толқындар мен жаңбыр болғандықтан тоқтатылған.