Такси жүргізушілерінің қолма-қол төлем жасауды талап етуі заңды ма?
Алматы тұрғындарының айтуынша, жаңа жылдан бастап такси жүргізушілері тек қана қолма-қол ақша талап ете бастаған. Тұрғындардың сауалына жауап берген мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі бұл талаптың заңсыз екенін атап өтті.
"Егер азамат такси қызметін көрсететін болса, сәйкесінше ол жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Такси агрегаторлары арқылы, арнайы қосымшалар арқылы тіркеле алады. Әрқайсысының өзіндік пайыздары бар. Жеке кәсіпкер ретінде e-Salyq Business немесе Яндекс таксиде тіркеліп, басқа әлеуметтік төлемдермен бірге ай сайын бір пайыз төлей алады. Енді салық міндеттемелерін орындау жеңілдетілді. Сонымен қатар төлем қабылдау үшін QR кодтарын орналастыру да еш қиындық тудырмайды", – деді Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ақпараттық-түсіндіру бөлімі және байланыс орталығының басшысы Айжан Бекеева.